arrows triangle online kiosk-new kiosk36-24 house-bank business bank notes radar calendar box credit-card atm36-24 atm36-24 key note briefcase-tick envelope-alt checkmark dots calculator graph home-bank location mag-alt mag cross menu phone question-mark facebook instagram linkedin twitter vkontakte youtube yvision download envelope print save share zoom arrow-left-thinnest arrow-right-thinnest arrow-left-thin arrow-right-thin arrow-left-mid arrow-up-mid arrow-down-mid arrow-right-mid arrow-left-bold arrow-up-bold arrow-down-bold arrow-right-bold external-link plus minus

​Код бойынша қолма-қол ақша аудару және алу

  • QAZKOM карталарының иелері әрі қарай QAZKOM-ның банкоматынан алу үшін  Homebank-тегі аударым қызметін пайдалана алады.

    Қаражатты аудару үшін Homebank-те авторланыңыз, «Төлемдер мен аударымдар» бөліміне өтіп, «Қолма-қол ақшаны код бойынша аударуды» таңдаңыз. Қаражатты алушының ұялы телефоны нөмірін толтырып, аударым валютасы мен сомасын көрсетіңіз. Операция аяқталғаннан кейін Сізкодтың бірінші бөлігін көресіз. Кодтың екінші бөлігі ақшаны алушының енгізілген ұялы телефонының нөміріне SMS хабарламамен жолданады.

    Мәселен

    • Экрандағы ақпарат: «Құпия кодтың бірінші бөлігі: 12345»
    • Алушының SMS хабарламасындағы ақпарат: «Kod dlya polucheniya nalichnyh 67890, uznaite pervuu chast koda u otpravitelya. Vvedite oba koda i summu perevoda v bankomate QAZKOM. Podrobnee 7111»
     
    «Төлемдер мен аударымдар» бөліміне өтіңіз
    «Код бойынша қолма-қол ақшаны аударуды» таңдаңыз
    1. Алушының ұялы телефонының нөмірін енгізіңіз

    2. Аударымды іске асыратын картаны және валютаны таңдаңыз, қаражатты алушының ұялы телефонының нөмірі мен аударым сомасын енгізіңіз

    Назар аударыңыз, аударым сомасы әр валютаға тиісінше 2 000 теңгеге және 100 АҚШ долларына / 50 Евроға еселі болуы тиіс.

    Мәселен, Сіз 50 000 теңге аудара аласыз, бірақ 51 000 теңге аудара алмайсыз.

    Аударым сомасын да енгізіңіз
    Сіздің сенімді нөміріңізге жолданған авторландыру кодын енгізіп, аударымды растаңыз.
    Қаражатты алуға арналған кодтың бірінші бөлігі экранда бейнеленеді және тек Сізге қолжетімді болады. 

    Кодтың екінші бөлігі Алушыға SMS-пен жолданады.
  • Құпия код 24 сағат қолданылады және үш әрекетте енгізілуі тиіс. Мерзімі өткен немесе құпия коды үш немесе одан артық бұрыс енгізілген жағдайда аударым сомасы жөнелтушінің картасына қайтарылады.

     

    Аударымды алушыкартаны банкоматқа салмай-ақ «Қолма-қол ақшаны код бойынша алу» мәзірін орындап, QAZKOM-ның кез келген банкоматынан қаражатты ала алады.

    1. Кез келген пернені басып, тілді таңдаңыз және «Қолма-қол ақшаны код бойынша алуды» басыңыз
    2. Құпия кодтың екі бөлігін де бірден бос орынсыз енгізіңіз. 
    3. Алынатын қаражаттың валютасын таңдаңыз.
    4. Аударымның теңгемен дәл сомасын енгізіңіз.
    • Қолма-қол ақшаны алғаны үшін Алушыдан комиссия алынбайды
    • Аударым үшін комиссия аударымды Жөнелтушіден алынады және аударым жасалған картада белгіленген қолма-қол ақшаға айналдырғаны үшін тарифке ұқсас болып табылады.
    • Қолма-қол ақшаға айналдыру үшін тариф картаның түріне (дебеттік/несие/жалақы және т.т.) байланысты

    Мәселен

    • Сіз Homebank немесе банкомат арқылы 20 000 теңге аударасыз
    • Сіздің картаңызға қолма-қол ақшаға айналдыру үшін 0.5% тариф белгіленген, аударым үшін комиссия 100 теңгені құрайды