arrows triangle online kiosk-new kiosk36-24 house-bank business bank notes radar calendar box credit-card atm36-24 atm36-24 key note briefcase-tick envelope-alt checkmark dots calculator graph home-bank location mag-alt mag cross menu phone question-mark facebook instagram linkedin twitter vkontakte youtube yvision download envelope print save share zoom arrow-left-thinnest arrow-right-thinnest arrow-left-thin arrow-right-thin arrow-left-mid arrow-up-mid arrow-down-mid arrow-right-mid arrow-left-bold arrow-up-bold arrow-down-bold arrow-right-bold external-link plus minus

Карта ұстаушыларына арналған ақпарат

  • Әдетте банкомат арқылы жүзеге асатын транзакциялар біршама қауіпсіз болып саналады, өйткені операцияны жүргізу үшін картаның өзі де, міндетті түрде ДСН-кодты енгізу де қажет. Соған карамастан, карта алаяқтары банкоматтар арқылы алаяқтық транзакцияларды орындау үшін түрлі әдістер қарастыруда.

    Бұған алаяқтардың өмірін жеңілдетіп, ДСН-кодты картаға жазатын кейбір карта ұстаушыларының немқұрайлылығы да әсчер етеді. Мұндай карта ұрланған/жоғалған жағдайда, оны кез келген адам пайдалана алады.

    Карточка ұстаушысының рұқсатымен карточка ДСН-кодпен бірге отбасы мүшесіне, достарға немесе әріптестерге транзакция жүргізу үшін берілетін жағдайлар да сирек емес. Бұл да банкомат арқылы рұқсатсыз ақша шешіп алуды жүзеге асыруға әкелуі мүмкін.

    Сізге келесі қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес береміз:

    • ДСН-кодты төлем карточкасымен бірге сақтамаңыз
    • Қандай жағдай болмасын өз ДСН-кодыңызды әлдекімге хабарламаңыз
    • Транзакцияны жүргізу үшін үшінші тұлғалар ұсынатын көмекті қабыл алмаңыз.
    • ДСН-кодты енгізу барысында сақ болыңыз, сандар бөтен адамдарға көрінбеуі тиіс: әрқашан банкомат пернетақтасын қолмен жауып тұрыңыз
    • Қандай жағдай болмасын картаны басқа тұлғаға бермеңіз. Сауда мен сервистік кәсіпорындарда картамен жүргізілетін барлық операциялар сіздің қатысуыңызда жүзеге асуы керек
    • Картаны бөтен адамдар карта нөмірі мен сіздің қолыңыздың үлгісін көшіре алатын жерлерде қалдырмаңыз
    • Кассалық чектердің ұсынылған данасын үш ай бойы сақтаңыз

    Сондай-ақ, картаның магнит жолағын зақымдап алмас үшін мұқият болыңыз. Ол үшін картаны электромагнитті сәулелену көздеріне (дисплейлерге, теледидарларға, СВЧ-пештерге, аудио және видео құрылғыларға) аса жақын ұстамаңыз. Банкоматтар мен POS-терминалалдарда өңдеуді жүзеге асырудан бас тартатын немесе дұрыс емес өңдеуге әкеп соғуы мүмкін тауарларды магниттік кодтау қолданылатын дүкендерде есеп айырысу барысында сақ болыңыз.

  • QAZKOM төлем карталарын шығару тарихында, яғни 1997 жылдан бастап банктің ақпараттық жүйелерін бұзу жолымен клиенттердің шотынан қаржы құралдарын ұрлауға қатысты бірде-бір оқиға болған жоқ. Аялақтар үшін қарапайым карта қолданушыларының-иелерінің деректері мен деректемелерін ұрлауға тырысу оңайырақ.

    Сондықтан қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау маңызды:

    • Интернетте операцияларды орындау барысында қосымша қорғанысты қамтамасыз ету үшін картаға 3D Secure немесе SecureCode орнату қажет. Толығырақ: 3D Secure және SecureCode-пен Интернет-төлемдер
    • Вирусқа қарсы бағдарламаны уақытылы жаңартып отырыңыз және сайттармен қауіпсіз байланысуды ғана қолданыңыз
    • Спам/бөтен адамдардан келген электронды хаттарға ешқашан жауап бермеңіз және бұл хабарламалардағы сілтемелер бойынша өтпеңіз
    • Көпшілік немесе ашық WiFi желілеріне қосылмаңыз
    • Интернеттегі транзакция үшін жеке карта ашуға кеңес береміз. Сіз оған төлемді жүргізу алдында ғана ақша аудара аласыз.Толығырақ: MasterCard Virtual Card
    • Желіде төлеу үшін қолданылматйын карталарда итнернет-транзакцияларды жүргізу мүмкіндігін жабу қажет
    • Компьютеріңізде интернет-банкинг құпия сөзі мен карта туралы деректерді сақтамаңыз
  • Фишинг (ағылш. fishing – балық аулау, выуживание) – карта иесінің жеке деректерін ұрлауға бағытталған Интернет-алаяқтықтың түрі. Алаяқтар қолданушының селқостығын пайдаланып, тікелей содан деректерді алады. 

    Фишингтің түрлерінің бірі– түпнұсқа сайтты жалған сайтақ ауыстыру. Карта ұстаушысы веб-сайтақ кіреді, төлем карточкасыың деректерін, құпия кодтарды, құпия сөздерді енгізеді,  одан соң сайт жалған екені анықталады. Алаяқтар деректерге ие болады, ал карта ұстаушысы ақшасынан айырылады.  Сондай-ақ алаяқтар төлем картасының деректемелерін жинау үшін банк атын жамылып, жаппай таратылатын хабарлама жіберуі мүмкін.

    Үш қарапайым ереже Сізді фишигтен қорғайды

    • Төлем карточкасының деректемелерін және кез келген жек мәліметтерді жіберу өтініші бар хабарламалар мен хаттарға жауап бермеңіз. Банк ешқашан клиенттерді ол туралы өтінбейді
    • Мұқият болыңыз және сайттың немесе электронды поштаның мекен-жай жолағына назар аударыңыз. егер олардың мекен-жайы түпнұсқасынан бір белгіге өзгеше болса да, бұл сайт/e-mail жалған екенін біліңіз
    • Қандай жағдай болмасын белгісіз сайттарда төлем операцияларын жүргізбеңіз. Карта ұстаушысы оның деректерін енгізетін сайт мекен-жайын мұқият тексеріңіз. Фишингтік сайттарда әріптер шатастырылуы немесе артық белгі қосылуы мүмкін

    Бірнеше секунд ішінде сайттың түпнұсқалығын тексеріңіз

    1. Мекен-жай жолағына назар аударыңыз. Егер сайт мекен-жайы немесе оның доменінің соңы порталдың түпнұсқа мекен-жайынан бір белгіге болсын өзгеше болса, бұл сайт түпнұсқа емес екенін біліңіз. Мәселен, «https://epay.kkb.kz» и «http://epay.kkbb.kz» мекен-жайлары бірдей емес. Домендік аймақтарға қатысты да дәл солай – «https://epay.kkb.kz» және «https://epay.kkb.ru» – көріп тұррғаныңыздай сілтеменің бас жағы сәйкес келеді, ал соңы - жоқ.
    2. Егер сайттың мекен-жайы «https»-тен басталса, ресурстың қорғалған байланысы бар деген сөз. Әдетте https-хаттамасы бар мұндай сайттарға арналған мекен-жай жолағы жасыл түспен немесе құлып түріндегі таңбашамен белгіленеді. Егер сіз сайттың мекен-жайында «https» көруге үйреніп қалсаңыз, ал бүгін ол болмаса, логин мен құпия сөзді енгізуге асықпаңыз. Сіз жалған-сайтта болуыңыз ықтимал. Кез келген банктік төлем жүйеснің «https»-тен басталатын мекен-жайы болады, бұл -дұрыс!
    3. Сайттың безендірілуіне мұқият қараңыз. Егер бірдеңе "қисық" көрсінсе, немесе дизайнның кейбір элементтері беттің жалпы стиліне сәйкес келмесе, мүмкін ол жарнамалық немесе вирустық баннер , және сайт, сәйкесінше, фишинг көмегімен ауыстырылған.
    4. Іnternet Security көмегімен веб-ресурстың түпнұсқалығын тексеру. Сізге Интернет-арнаны тексере алатын және сіздің компьютеріңізге енетін трафикті тазалайтын сапалы антивирус орнату қажет. Фишингтік сайттар барған сайын көбейіп келе жатқанына назар аударыңыз, сондықтан антивирустық базаны үнемі жаңартып отыру қажет.
    5. Егер сізге аса тиімді ұсыныстар жасаса, өте сақ болыңыз - бұл алаяқтардың айла-әрекеті болуы мүмкін. Сізге келіп жкеткен ақпараттың шынайылығын тексеруге көмектесетін барлық банктердің ақпараттық парақтары және тәулік бойы байланыстағы ақпараттық орталықтары бар. Егер сіз сонда да фишинг-алаяқтардың құрбаны болсаңыз, дереу банкпен байланысып, картаны бұғаттаңыз.

    Если вы все же стали жертвой фишинг-мошенников, срочно свяжитесь с банком и заблокируйте карту.

  • Скимминг –  қастық ойлаушылар скиммер - төлем картасының магниттік жолағын оқуға арналған құралды қолданатын карталық алаяқтық түрі .Негізінде Оңтүстік-Шығыс Азия мен Шығыс Еуропаның даумшы мемлекеттерінде таралған  салыстырмалы түрде алаяқтықтың жаңа түрі. Скиммер банкоматтың картаны қабылдауға арналған тетігіне орнатылады және осы әдіспен пластик карталар туралы ақрпаратты оқиды және жинайды немесе қашықтықтан жақында орналасқан оны қастық ойлаушыларға жібереді. Скиммермен жиынтықта шағын бейне камера қолданылады, оны алаяқтар ДСН-кодты енгізуге арналған пернетақтаның үстіне бекітеді немесе жоғарыдан орнатылатын қондырма пернетақта. Картадан ақпаратты көшірген соң, алаяқтар оның екінші нұсқасын дайындайды. ДСн-кодты біле отырып,  алаяқтар банкоматтағы қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырады. Әдетте мұндай айла-амалдар ұйымдастырылған халықаралық қылмыстық топтармен жүзеге асырылады.

    Банкоматты пайдалану барысындағы сақтық шаралары

    • Пайдаланбас бұрын банкоматты мұқият қарап шығыңыз. Банкоматқа орнатылған күмән тудыратын бөтен құрылғылар өзгешеленіп тұрады. Оларды көрген жағдайда банктің- банкоматтың иесінің call-орталығына хабарласу керек
    • ДСН-кодты теру барысында алаяқтар орнатқан шағын бейнекамералардан бейне жазуды болдырмас үшін әрқашан банкомат пернетақтасын қолыңызбен жауып тұрыңыз. Көбіне бөлмелерде немесе банк бөлімшесіне жақын орналасқан банкоматтарды пайдалануға тырысыңыз
    • Қажет болса, ДСН-кодты өзгертіңіз. Бұл қызмет QAZKOM-ның кез келген банкоматында қолжетімді. Осы ретте, барлық карталарыңызда немесе «1234», «1111» және т.б. жай құрастырымлдардан тұратын бірдей ДСН-код орнатпаған жөн
    • Карталарыңызбен жүзеге асатын операцияларды тәулік бойы бақылау үшін SMS-банкинг қызметін пайдаланыңыз. Жүргізілген транзакия туралы уақытылы хабарландыру сізге карта жоғалған жағдайда әрі қарай келеңсіздіктерді болдырмауға көмектеседі.

    Егер сіз скимминг құрбаны болсаңыз және сіздің картаңыздан ақша шешіп алынғанын байқасаңыз, бірінші кезекте барынша жылдам түрде банкпен байланысып, төлем картасын бұғаттау қажет. Таяу арадағы банк бөлімшесінде зерттеу жүргізуге өтініш жазыңыз. Ақшаны қайтаруға болады! Мерзімі 30 күннен 60 күнге дейін жалғасатын зерттеуден соң, ақша картаға қайтарылады.