arrows triangle online kiosk-new kiosk36-24 house-bank business bank notes radar calendar box credit-card atm36-24 atm36-24 key note briefcase-tick envelope-alt checkmark dots calculator graph home-bank location mag-alt mag cross menu phone question-mark facebook instagram linkedin twitter vkontakte youtube yvision download envelope print save share zoom arrow-left-thinnest arrow-right-thinnest arrow-left-thin arrow-right-thin arrow-left-mid arrow-up-mid arrow-down-mid arrow-right-mid arrow-left-bold arrow-up-bold arrow-down-bold arrow-right-bold external-link plus minus

Төлемдер

  • Сіз K`Cell, Activ, Beeline, Tele2 және Altel операторларының ұялы байланыс қызметтерін кез келген QAZKOM банкоматы арқылы төлей аласыз.

    • Стандартты авторландырудан кейін (тілді таңдау және ДСН-кодын енгізу) банкоматтың мәзірінен "Қызметтерді төлеу" опциясын таңдаңыз
    • Қызметтер провайдерлер мәзірінен K`Cell, Activ, Beeline, Tele2 немесе Altel таңдаңыз
    • Қолдану шотын төлеу керек ұялы телефонның 7-таңбалы нөмірін енгізіңіз (желі кодынсыз)
    • Төлем сомасын теңгеде енгізіңіз және "Енгізуді" басыңыз
    • Төлем сол сәтте ұялы байланыс провайдеріне жолданатын болады

    Төлемге QAZKOM шығарған Visa, MasterCard, Maestro, American Express барлық карталары қабылданады.

  • Сіз «Казахтелеком» шоттарын QAZKOM кез келген банкоматында төлей аласыз.

    • Стандартты авторландырудан кейін (тілді таңдау және ДСН-кодын енгізу) банкоматтың мәзірінен "Төлемдер мен аударымдар" опциясын таңдаңыз
    • Қызметтер провайдерінің мәзірінен Казахтелекомды таңдаңыз
    • Телефонның 10-таңбалы нөмірін енгізіңіз (қаланың кодымен)
    • Теңгедегі төлем сомасын енгізіңіз және "Енгізуді" басыңыз

    Төлемге QAZKOM шығарған Visa, MasterCard, Maestro, American Express барлық карталары қабылданады.

  • Сіз салықтарды кез келген QAZKOM банкоматы  арқылы немесе Homebank.kz қаржылық порталы арқылы төлей аласыз.

    Салық түрлері

    • Көліктік құралға
    • Мүлікке
    • Елді мекендер шегінде жерге

    Егер сізге салықтық міндеттемелердің орындалу (төлемнің орындалу) фактісі мен күнін растайтын заңды қаржылық құжат қажет болса, оны QAZKOM кез келген бөлімшесінен алуға болады . Салықтарды банкомат арқылы төлеу

    • Стандартты авторландырудан кейін (тілді таңдау және ДСН-кодын енгізу) банкоматтың мәзірінен "Төлемдер мен аударымдар" және сосын "Салықтарды төлеу" опциясын таңдаңыз
    • Салық түрін (БСК) және төлем тұрпатын (ТТК) таңдаңыз: салық, өсімпұл, айыппұл немесе өткен жылдардың берешегі
    • Кейін салықтық органның кодын (СОК), жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) және төлем сомасын ретімен енгізіңіз. Аяқталғаннан кейін экранда жоғарыда аталған төлемдердің барлық егжей-тегжейлерін тексеру үшін нысан, сонымен қатар комиссиялық алым туралы ақпарат пайда болады
    • Сіз енгізілген ақпараттың дұрыстығын растағаннан кейін карточкалық жүйе транзакция жүргізуге әрекет жасайды және ол сәтті орындалған жағдайда, сізге карточка қайтарылады және төлем туралы чек беріледі

    Төлемге QAZKOM шығарған Visa, MasterCard, Maestro, American Express барлық карталары қабылданады.

  • Сіз өзіңіздің жеке немесе корпоративтік Visa немесе MasterCard карталарының көмегімен кедендік қызметтерді төлей аласыз. Төлем терминалдары қазіргі уақытта ҚР 34 кедендік пункттерінде орнатылған.

    Кедендік қызметтер түрлері

    • Жүктік кедендік декларациясын ресімдеу үшін алым (кедендік рәсім)
    • Кедендік баж (экспорттық-импорттық)
    • ҚҚС
    • Қорғаныс бажы (тауардың түріне байланысты)
    • Акциз (тауардың түріне байланысты)
    • Және басқалар

    Кедендік қызметтерді картаның көмегімен төлеудің артықшылықтары

    • Төлем кедендік постта орындалады
    • Төлем терминалымен берілген чек төлемнің растамасы болып табылады, бұл кедендік жүкті ресімдеуге сол сәтте кірісуге мүмкіндік береді
    • Кедендік ресімдеудің үдерісін үзбейтін жетіспейтін соманы жедел қосымша төлеу мүмкіндігі бар
    • Кедендік төлемдердің артық төленуі мүмкін емес
    • Уақытша сақтау қоймаларының және көліктің жалгерлік мерзімі қысқарады

    Бұл қызмет қанша тұрады?

    Бұл қызметті көрсету үшін QAZKOM мен Халық банкі арасында біздің банктің клиенттерінің кедендік төлемдерді төлеу мүмкіндігі шартталған шарт бекітілді. Осыған байланысты картаны ұстаушыдан бір реттік тәртіпте ұсталатын тарифтер бекітілген.

    Төлем қалайша жүзеге асырылады?

    • Кедендік инспектор компьютерге төлем түрлерін көрсетіп, төлеуші және декларант туралы қажетті ақпаратты енгізеді. Сосын төлеушінің төлем карточкасын POS-терминалдың есептеуіш құрылғысы бойынша өткізеді
    • Авторландыру сұранымына оңды жауап алған кезде банк төлеушінің карточкалық шотындағы сұраныммен көрсетілген ақшаны бұғаттайды
    • POS-терминал төлем түрі бойынша бөліп, жүзеге асырылған төлем туралы деректер көрсетілген чекті береді (ҚҚС, кедендік төледер және т.б.)
    • POS-терминалмен берілген чек төлеу фактісін растайды және кейінгі кедендік ресімдеуге ауысуға мүмкіндік береді