arrows triangle online kiosk-new kiosk36-24 house-bank business bank notes radar calendar box credit-card atm36-24 atm36-24 key note briefcase-tick envelope-alt checkmark dots calculator graph home-bank location mag-alt mag cross menu phone question-mark facebook instagram linkedin twitter vkontakte youtube yvision download envelope print save share zoom arrow-left-thinnest arrow-right-thinnest arrow-left-thin arrow-right-thin arrow-left-mid arrow-up-mid arrow-down-mid arrow-right-mid arrow-left-bold arrow-up-bold arrow-down-bold arrow-right-bold external-link plus minus

Саяхатшыға арналған кеңестер

  • Біздің барлық карточкаларымыз хаплықаралық болып табылады және барлық дердік мемлекеттерде әрекет етеді. Таңдау аясы өте ауқымды және  Visa Electron және Cirrus/Maestro үнемді карточкаларынан  беделді Visa Gold және MasterCard Platinum-ға дейін түрленеді.

    Дәл сізге қандай карта қажеттігін түсіну үшін, сіз оны сапарларда қалай қолданатыңызға байланысты анықтап алу қажет. Сіз дүкендерде еш қиналмай Visa Electron немесе Cirrus/Maestro карталарымен төлей аласыз, алайда, мәселен, егер сіз карточкамен көлікті жалға алуды төлеуді жоспарласаңыз, сізге Visa Classic немесе MasterCard Standard санатынан төмен болмайтын карта қажет. Сондай-ақ кейбір мейманханалар төлем үшін төлем терминалының шектеуіне байланысты Visa Electron немесе Cirrus/Maestro карталарын қабылдамайтынын ескерген жөн. Картасын таңдаңыз

  • Шетелде әрекет ету мерзімі аяқталған картамен қалмас үшін сапарды жоспарлау барысында  төлем карталарыңыздың әрекет ету мерзімін тексеріңіз. Егер сапара барысында карточканың әрекет ету мерзімі аяқталатын болса, сіз  QAZKOM бөлімшесіне барып, оны алдын ала қайтадан шығара аласыз. 

  • Шетелдік сапарлар үшін біз әртүрлі төлем жүйесінің екі картасын өзіңізбен бірге алуға кеңес береміз  (мәселен, Visa және MasterCard). Әртүрлі төлемжүйелерінің екі картасының болуы сізді техникалық себеппен белгілі бір төлем жүйесінің картасымен операция жүргізу мүмкін болмаған кезде жайсыз жағдайдан құтқарады. 

  • Егер Сіздің карточкаңызда үлкен несие лимиті немесе қаржыңыздың қомақты сомасы болса, сізге шетелде транзакция жүргізу қауіпсіздігіне көбірек көңіл бөлу қажет болады. Біз транзакциялардың әртүрлі категорияарын жүргізу үшін әртүрлі карточкаңыз болсын деп кеңес береміз. Мәселен, мейрамханаларда, түнгі клубтарда, кәдесый дүңгіршектерінде, азық-түлік дүкендерінде және т.б. төлеуге арналған карта. Бұл картаға белгілі бір шығындау имитін орнатуға болады (сіздің таңдауыңыз бойынша), мәселен, тәулігіне/аптасына/айына 500 АҚШ доллары. Мейманханалардағы, автокөліктерді жалға алу бойынша агенттіктердегі, зергерлік дүкендердегі, әуе және теміржол кассаларындағы транзакциялар үшін сізбен орнатылған шығындау лимиті жоқ басқа картаны қолдануға болады. Карталарды пайдавланудағы қауіпсіздік ережелрі туралы толығырақ

  • Егер сіз банкоматтан қолма-қол ақшаны шешіп алсаңыз, сіз орналасқан  мемлекет валютасымен ақшаны аласыз. Яғни, АҚШ-та- доллармен, Италияда -еуромен. Айырбас курсы  Visa және Master Card төлем жүйелерінің автоматты есептік орталықтарымен  есептеледі және көп жағдайда ол  сізге ақша айырбастау пунктінде ұсынылатын курстардан біршама жақсырақ.

    Егер сіздің картаңыз  транзакция валютасынан өзгеше  валютадағы шотқа байлаулы болса (мәселен, сіз сатып алатын заттың ақысын карточкаңыз арқылы  сіздің теңгедегі шотыңызбен еуро түрінде төлейсіз), сатып алған заттар мен қызметтер ақысын төлеуде де  Visa және Master Card төлем жүйелерінің айырбас курсы қолданылады.

  • Егер сіз сапар барысында карточкадан қомақты қаржы сомасын шешіп алуды ойласаңыз, кейбір елдерде қолма-қол ақша беруге шектеу бар екендігін есте ұстаған жөн. Әдетте ол күніне 5000 АҚШ доллары. Бұл шектеу банкоматтарға да, қолма-қол ақша беру пнктеріне да қатысты болуы мүмкін.

  • Роуминг бар болған жағдайда   QAZKOM  SMS-банкингінің барлық опциялары сізге қазақстаннан тыс жерде де қолжетімді.  SMS-банкинг сізге шетелге сапар барысында өте қажет болуы мүмкін, өйткені оның көмегімен сіздің карталарыңыз бойынша барлық операцияларды жедел бақылауға болады. Біз шетелге, әсіресе Таиланд, Сингапур, Малайзия, Индонезия, АҚШ және Ұлыбританияға  баратын клиенттерге  осы қызметті қосуға кеңес береміз. 

  • Сіздің картаңыз жоғалған немесе ұрланған жағдайдв барынша тезірек ол тураплы банкке хабарлау керек. Карточкадағы сіздің ақшаңыздың сақталуы тікелей сіз Call Center қызметкерлеріне қаншалықты тезірек карточканың жоғалғаны/ұрланғаны туралых абарлайтыныңызға байланысты. Катраны SMS-банкинг арқылы да бұғаттауға болады. Ұрланған немесе жоғалған жағдайда картаны бұғаттау жайлы толығырақ.

  • Банк үнемі QAZKOM карточкаларын ұстаушылар жүргізетін барлық транзакциялардың мониторингін жүргізеді. Егер транзакция кумән тудырса (мәселен, қомақты сомамен немесе әдеттегіден өзгеше жүргізу орнымен), оған төлем терминалымен Эмитент-банкпен байланысу" деген жауап беріледі  («Refer to card issuer» немесе «Call Issuer» 01 коды бойынша жауап). Халықаралық төлем жүйелерінің ережелеріне сәйкес мұндай жауап алынғанда сауда/сервистік нүкте өз қызмет көрсетуші банкіне жүгініп, карточка мен карточканы ұсынған адамның түпнұсқалығын қосымша анықтауды бағамдайтын "Арнайы режимдегі" операцияны жүргізуі тиіс.  Алайда,  сауда және сервистік нүктелер мұндай жауапты алғанда әркез нұсқаулықтарды орындамайды, көбіне клиенттерге қызмет көрсетуден бас тартады. Бұл халықаралық төлем жүйесімен бекітілген ережелерді бұзу болып табылады. Бұл жағдайда сізге біздің тәулік бойы жұмыс істейтін  сall-орталыққа хабарласып, ағымдағы операцияны орындау үшін лимит әрекетін болдырмау немесе сапар мерзіміне лимит әрекетін болдырмау қажет. 

  • Visa Classic и MasterCard Standard санатының және одан жоғары  карталарын ұстаушыларға  қолма-қол ақша мен уақытша караны беру бойынша қызмет қолжетімді. Егер сізде осы қызметтердің бірін алу қажеттілігі туындаса, (картаның жоғалу немесе ұрлану себебінен) біздің  call-орталыққа қоңырау шалыңыз және хабарлаңыз

    • Сізге қажетті қолма-қол ақша сомасы С (5000 АҚШ долларына дейін)
    • Сіздің байланыс телефоныңыз
    • Мекен ететін қала және мемлекет
    • Visa немесе MasterCard жаһанды қолдау қызметінің операторымен (орыс немесе ағылшын) сөйлесетін тіл

    Әрі қарай сізбен Visa немесе MasterCard жаһанды қолдау қызметінің операторы байланысады және қайда және қалай сіздің ақшаңызды алуға болатынын хабарлайды.

Сұрақтарыңыз бар ма?Біздің call-орталыққа хабарласыңыз