arrows triangle online kiosk-new kiosk36-24 house-bank business bank notes radar calendar box credit-card atm36-24 atm36-24 key note briefcase-tick envelope-alt checkmark dots calculator graph home-bank location mag-alt mag cross menu phone question-mark facebook instagram linkedin twitter vkontakte youtube yvision download envelope print save share zoom arrow-left-thinnest arrow-right-thinnest arrow-left-thin arrow-right-thin arrow-left-mid arrow-up-mid arrow-down-mid arrow-right-mid arrow-left-bold arrow-up-bold arrow-down-bold arrow-right-bold external-link plus minus

Карталар бойынша қызметтер

    • Сіз саяхатқа жиі шығасыз және өзіңіздің картаңыздағы қаражатыңыздың қауіпсіздігін алаңдайсыз ба?
    • Өзіңіздің картаңыздың ДСН-кодын еске сақтауда қиналасыз ба?
    • ДСН-кодты қай жерге жазып қою сенімдірек деп ойланасыз ба?

    Өзіңіздің ДСН-кодыңызды ойлап табыңыз! Сіз QAZKOM төлем карточкаңыздың ДСН-кодын өзіңіз таңдаған 4 санды қисындастыру арқылы кез келгеніне өзгерте аласыз.

    Бұл үшін Сіз

    • Өзіңіздің төлем карточкаңызды QAZKOM банкоматына салыңыз
    • Қазіргі ДСН-кодыңызды енгізіңіз
    • Мәзірден Картаның қасиеттері опциясын таңдаңыз
    • Мәзірден ДСН өзгерту опциясын таңдаңыз
    • Жаңа ДСН-кодты енгізіңіз
    • Жаңа ДСН-кодты енгізуді қайталаңыз
    • Осымен бітті! Өзіңіздің төлем картаңыз бен операцияның жүргізілгендігін растайтын чекті алуды ұмытпаңыз. Жаңа ДСН-код сол сәтте әрекет ете бастайды
    • Қызметтің құны операцияны жүргізген күні қолданыстағы QAZKOM тарифтеріне сәйкес анықталады

    Егер сіз ДСН-кодыңызды ұмытып қалсаңыз

    Біздің call-орталығымызға келесі телефондар бойынша қоңырау шалыңыз +7 727 2 585-111, 8 8000 8000 90 (бүкіл Қазақстан бойынша тегін желі) немесе QAZKOM кез келген бөлімшесіне жүгініңіз.

  • Картаны жоғалту немесе ұрлатып алу

    QAZKOM картаңызды жоғалтып немесе ұрлатып алған жағдайда, банктің тәулік бойғы call-орталығына +7 727 2-585-25, +7 727 2-952-930, 8 8000 8000 90 (бүкіл Қазақстан бойынша тегін желі) телефондары арқылы қоңырау шалып, картаңызды тезірек бұғаттаңыз. Біздің қызметкерімізге картаны шығаруға өтінімде көрсетілген өзіңіздің ТАӘ, төлқұжаттық деректеріңізді және код сөзіңізді айтыңыз. QAZKOM қызметкері картаңызды бұғаттап, енді не істеу керек екендігін айтып береді.

    Сіздің бұғаттау туралы ауызша өтінішіңіз телефон бойынша картаны бұғаттау сәтінен бастап 2 жұмыс күні ішінде QAZKOM бөлімшесінде жазбаша өтініш берумен расталуы керек.

    Егер сіздің картаңызды алып алса

    Картаны банктің мекемесінде немесе сауда нүктесінде алып алса, картаны алып алған кассирдің немесе менеджердің қолымен расталған алып алу күні, уақыты және себебі көрсетілген актті құруды міндетті түрде талап етіңіз. Бұдан кейін +7 727 2-585-25, +7 727 2-952-930, 8 8000 8000 90 (бүкіл Қазақстан бойынша тегін желі) телефондары бойынша QAZKOM тәулік бойғы call-орталығына шұғыл қоңырау шалыңыз.

  • Егер картаңыз зақымданған болса, Сіз оны қайта шығара аласыз. Картаңыз ұрланған немесе жоғалған жағдайда, алдымен +7 727 2-585-25, +7 727 2-952-930, 8 8000 8000 90 (бүкіл Қазақстан бойынша тегін желі) банктің call-орталығының телефондары бойынша немесе Homebank.kz ұялы қосымшасынан өзіңіздің шотыңыздың жедел бұғаттағаныңызға көз жеткізіңіз.

    Картаны қайта шығару үшін

    • QAZKOM кез келген бөлімшесіне жүгініңіз
    • Картаны қайта шығаруға өтінішті толтырыңыз
    • Немесе Homebank.kz интернет-банкингін қолданыңыз

    Әдетте, қайта шығару құны негізгі картаны шығару құнына тең. Премиалды пакеттерді ұстаушылар үшін ол тегін болуы мүмкін. Толығырақ - Тарифтер бетінде

  • SMS-банкинг – бұл сіздің карточкаңыз бойынша операцияларды қосымша бақылау! Қызметтің көмегімен Сіз кез келген уақытта 

    • Картадағы ақшаның қалдығы туралы ақпарат ала аласыз
    • Шоттың толтырылуын және карта бойынша шығын операцияларын бақылай аласыз
    • Карта жоғалған/ұрланған/оған рұқсатсыз қол жеткізілген жағдайда, банкке оны бұғаттау қажеттігі туралы хабарлай аласыз
    • Сіздің картаңыз бойынша қандай да өзгерістер болған сайын ақпараттық SMS-хабарламалар ала аласыз

    Сіз SMS-банкингтің тек өзіңізге қажет қызметтеріне ғана жазыла аласыз

    • Белсенді сервистер. SMS-хабарлама түрінде сұраным жібере отырып, сіз
      • карточкадағы ақша қалдығын біле аласыз
      • карта бойынша соңғы 10 операция туралы қысқа үзінді көшірме ала аласыз
      • картаңыз жоғалған/ұрланған/оған рұқсатсыз қол жеткізілген жағдайда оны бұғаттай аласыз
    • SMS-хабарландыру + Белсенді сервистер. Сіз карта бойынша барлық жүргізілген операциялар туралы ұялы телефоныңызға SMS-хабарландыруларды автоматты түрде аласыз. Одан бөлек, сіз әрқашан Белсенді сервистер қызметін қолдана аласыз. Сіз келесілерді баптай аласыз:
      • бір немесе бірнеше төлем карталары бойынша SMS-хабарландыруды
      • сіз SMS-хабарландыруды ала бастағыңыз келетін шекті соманы (мысалы, 1000 теңгеден жоғары барлық карталық операциялар бойынша)
      • Сіз SMS-хабарландырулар алғыңыз келетін операцияларды (барлық жүргізілген карточкалық операциялар бойынша немесе карточканы толтыру бойынша ғана немесе тек ҚР аумағынан тыс жүргізілген карточкалық операциялар бойынша және т.б.)

    SMS-банкингтің қызметтерін төлеу қызметті пайдалану күніне қолданыстағы Тарифтерге сәйкес жүзеге асырылады. Ұялы байланыс операторларының қызметтерін төлеу карточка ұстаушы мен тиісті оператор арасында бекітілген шартқа сәйкес жүзеге асырылады.

    Қалайша SMS-банкинг қолданушысы болуға болады

    1. QAZKOM банкоматтары арқылы тіркелудің қарапайым рәсімінен өтіңіз:

    • Карточканы банкоматқа салыңыз, тілді таңдаңыз және ДСН-кодын теріңіз
    • «SMS-банкинг» операциясын және қызметтер түрін таңдаңыз
    • Банкоматпен ұсынылған нұсқаулыққа сәйкес SMS-банкингтің таңдалған қызмет түріне тіркелу рәсімінен ретімен өтіңіз

    2. Немесе Homebank.kz арқылы қызметке жазылыңыз:

    1 қадам. Жеткізу Мекенжайын қосыңыз

    • Кабинет - Менің хабарламаларым сілтемелер тізбегінен өтіңіз
    • «Жеткізу мекенжайларына» өтіңіз. Выберите способ доставки «SMS хабарламасын» жеткізу амалын таңдаңыз және "Әрі қарай" батырмасын басыңыз
    • Ұялы телефон нөмірін енгізіңіз (SMS хабарламалары келуі керек нөмірді) және "Қосу" батырмасын басыңыз
    • Сіздің ұялы телефоныңызға сол сәтте мекенжайдың белсендендірілуін растайтын код келеді
    • Бұл кодты хабарламаларды баптаудың ашық бетіндегі "Код" жолына енгізіңіз және "Растау" батырмасын басыңыз

    2 қадам. Хабарламаны қосыңыз

    • Хабарламалар бетіне қайта оралыңыз және "Хабарламаны қосу" батырмасын басыңыз
    • Орындалуы туралы хабарлама алғыңыз келетін оқиғаны таңдаңыз және "Әрі қарай" батырмасын басыңыз
    • Сізді қызықтыратын тізім бойынша келесі оқиғаны таңдаңыз және "Әрі қарай" батырмасын басыңыз
    • Сізді қызықтыратын барлық оқиғаларды қосқаныңызша, бастапқы орынға қайта оралып, бір оқиғадан қосып отыратын боласыз
    • Сіз оқиғаларды кез келген сәтте түзете аласыз (алып тастау/жаңаларын қосу)

    3 қадам. Хабарламалар жүйесін белсендендіріңіз

    Бұл үшін (727) 258-53-34, 258-54-44 (Алматы қ. үшін), 58-53-34 (Астана, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Шымкент, Орал, Өскемен қ. үшін тікелей телефон),8 8000 8000 90 (бүкіл Қазақстан бойынша тегін желі) телефондары арқылы біздің call-орталығымызға қоңырау шалыңыз.

    "Белсенді сервистер" қызметін қалай қосуға болады

    Өзіңіздің ұялы телефоныңызда SMS-хабарламаны құрыңыз

    • Карточкадағы ақша қалдығы туралы ақпаратты алу үшін - «bal» және карта нөмірінің соңғы 4 санын тересіз (мысалы, bal5879) және 7000 нөміріне жолдайсыз
    • Қысқаша үзінді көшірме алу үшін – «stm» және карта нөмірінің соңғы 4 санын тересіз (мысалы, stm5879) және 7000 нөміріне жолдайсыз
    • Карточканы бұғаттау үшін – «block» және карта нөмірінің соңғы 4 санын тересіз (мысалы, block5879) және 7000 нөміріне жолдайсыз
    • Келесі бірнеше секунд ішінде сіз сұратылған ақпаратты SMS-хабарлама түрінде аласыз

    Қызметке қосылған ұялы телефонның нөмірін немесе карточкалық операциялардың шектік сомасын қалай өзгертуге болады

    QAZKOM кез келген банкоматын пайдаланыңыз

    • Картаны банкоматқа салыңыз (SMS-банкинг қызметтеріне жазылған сіздің карталарыңыздың кез келгенін), енгізу тілін таңдап, ДСН-кодын теріңіз
    • «SMS-банкинг» операциясын, сосын "Жазылуды" таңдаңыз
    • «Телефон және/немесе шектік соманың нөмірін өзгерту» опциясын таңдаңыз, жаңа шектік соманы немесе ұялы телефонның жаңа нөмірін енгізіп, операцияның аяқталуын күтіңіз

    Ұялы телефон жоғалған/ұрланған жағдайда "SMS-хабарлама + Белсенді сервистер" қызметін қалай уақытша бұғаттауға болады

    Ұялы телефон жоғалған/ұрланған/үшінші тұлғаға қолданысқа берілген жағдайда, сіз "SMS-хабарлама + Белсенді сервистер" қызметін уақытша бұғаттай аласыз. QAZKOM кез келген банкоматын пайдаланыңыз

    • Картаны банкоматқа салыңыз (SMS-банкинг қызметтеріне жазылған сіздің карталарыңыздың кез келгенін), енгізу тілін таңдап, ДСН-кодын теріңіз
    • «SMS-банкинг» операциясын таңдаңыз
    • «SMS бұғаттау/бұғаттан босату» операциясын таңдап, операцияның аяқталуын күтіңіз
    • "SMS-хабарлама + Белсенді сервистер" қызметін аталған қызметке жазылым әрекет ету ішінде кез келген уақытта бұғаттан босата аласыз

    SMS-банкинг қызметтеріне жазылымнан қалай бас тартуға болады

    QAZKOM кез келген банкоматын пайдаланыңыз

    • Картаны банкоматқа салыңыз (SMS-банкинг қызметтеріне жазылған сіздің карталарыңыздың кез келгенін), енгізу тілін таңдап, ДСН-кодын теріңіз
    • «SMS-банкинг» операциясын, кейін «Жазылымнан бас тартуды» таңдаңыз
    • Сіз бас тартатын жазылымның түрін көрсетіңіз (бір карта бойынша, барлық карталар бойынша) және операцияның аяқталуын күтіңіз