arrows triangle online house-bank business bank notes radar calendar box credit-card key note briefcase-tick envelope-alt checkmark dots calculator graph home-bank location mag-alt mag cross menu phone question-mark facebook instagram linkedin twitter vkontakte youtube yvision download envelope print save share zoom arrow-left-thinnest arrow-right-thinnest arrow-left-thin arrow-right-thin arrow-left-mid arrow-up-mid arrow-down-mid arrow-right-mid arrow-left-bold arrow-up-bold arrow-down-bold arrow-right-bold external-link plus minus

3D Secure интернет құпия сөздері

  • 3D Secure немесе SecureCode – қауіпсіз Интернет төлемді жүргізуге қажетті сіздің жеке құпия сөзіңіз. Осы технологиясы бар Интернет-дүкенде сатып алған заттың ақысын төлеу барысында Сізге 3D Secure/SecureCode құпия сөзін енгізу ұсынылады.

    Бұл операцция банкоматта PIN-код енгізуге ұқсас. Осының негізінде тек Сіз ғана Интернетте төлеуге арналған картаны қолдана аласыз. 3D Secure/SecureCode технологиясымен Интернетте сатып алған заттардың ақысын төлеу біршама қауіпсіз болмақ.

    3D Secure / Secure Code-тың интернет құпия сөздері «Казкоммерцбанк» АҚ шығарған Visa және MasterCard төлем карталары үшін міндетті болып табылады.

  • Интернетте затты сатып алу барысында төлемнің нақты расталуы ретінде Сіз Сіздің жасырын құпия сөзіңізді енгізу өтініші жасалатын 3DSecure құпия сөзінің үлгісі бар арнайы бетке (егер сіздің картаңыз VISA болса)

    Сіз өзіңіздің жасырын құпия сөзіңізді енгізген соң, бірнеше секундтан соң сізді сәйкестендіреді, және төлем расталады.

  • Назар аударыңыз: Бұл нұсқаулық QAZKOM карталарының Иелері үшін өзекті. Басқа Банктердің карталарын Ұстаушыларға өз картасының эимтент-банктеріне хабарласқан жөн.

    Интернет төлемдерге арналған құпия сөзді орнату өте қарапайым жәнее көп уақыт алмайды.

    • Homebank.kz порталына қосылыңыз
    • "Төлем карталары" бөліміне кіріп, қажет картаны таңдаңыз және карта бойынша баптауға кіріңіз немесе 3D Secure / Secure таңбашасын Code басыңыз
    • Картада көрсетілген есім мен текті енгізіңіз
    • Өзіңіздің жеке құпия сөзіңізді ойластырыңыз және оны тиісті жолаққа мұқият енгізіңіз.
    • Жалғастыру түймешігін басыңыз
    • Сізге операцияны растау коды бар SMS жіберіледі , пайда болған терезеге оны енгізіңіз

    Құттықтаймыз! Сіздің интернет арқылы заттарды сатып алуға арналған құпия сөзіңіз бекітілді. Оны есте сақтаңыз және әр онлайн-төлем барысында қолданыңыз.

  • Алаяқтардан сақтаныңыздар және мұқият болыңыз

    • Сізден жасырын құпия сөзді енгізуді тек Сіздің картаңызды шығарған Банк қана өтіне алады
    • Қандай жағдай болмасын. бөтен сайттарда құпия сөзді енгізбеңіз
    • Браузердің "Мекен-жай" жолағында  https://cardsecure.kkb.kz деп басталатын мекен-жай ғана болуы тиіс
    • Картаның PIN-кодын ешқандай сайттарда енгізуге болмайды

Онлайн-төлемдерді жүргізу барысында туындайтын қателер және олардың туындауының ықтимал себептері

  • Сіздің картаңызды шығарған Банк оны пайдалануға кейбір шектеулерді енгізген. Себебін анықтап, шектеулерді алып тастау үшін Сіздің картаңыз бойынша қызмет көрсететін Банкке жүгінгеніңіз жөн. Мысалы: Егер сізде QAZKOM картасы болса, онда кез келген валютамен онлайн-дүкендерде 100 ш.б. астам соманы төлеу барысында шектеулер қойылған. Сізге  www.homebank.kz порталында 3DSecure/SecureCode құлып сөзін орнату қажет.

  • Сіздің картаңызды шығарған Банк оны пайдалануға кейбір шектеулерді енгізген. Себебін анықтап, шектеулерді алып тастау үшін Сіздің картаңыз бойынша қызмет көрсететін Банкке жүгінгеніңіз жөн.

  • Сіздің картаңызды шығарған Банк оны пайдалануға кейбір шектеулерді енгізген. Себебін анықтап, шектеулерді алып тастау үшін Сіздің картаңыз бойынша қызмет көрсететін Банкке жүгінгеніңіз жөн.

    Мысалы: Егер сізде QAZKOM картасы болса, онда кез келген валютамен онлайн-дүкендерде 100 ш.б. астам соманы төлеу барысында шектеулер қойылған. Сізге  www.homebank.kz порталында 3DSecure/SecureCode құлып сөзін орнату қажет.

  • Карта деректері, карта Нөмірі, Әрекет ету мерзімі, CVV2/CVC2/CID код немесе картадағы есім дұрыс енгізілмеген. Енгізілетін деректердің дұрыстығына көз жеткізіңіз және қайтадан тырысып көріңіз. Сәтсіз мүмкіндіктер қайталанатын жағдайда кейінірек төлеп көріңіз. 

  • Карта нөмірі қате енгізілді. Өтінеміз, енгізілетін деректердің дұрыстығын тексеріңіз және қайталап көріңіз.

  • Онлайн-төлем бойынша бас тартудың нақты себебі белгісіз болған жағдапйларда қолданылатын жалпылама қателік

    Жиі туындайтын себептер

    • 3D Secure / Secure Code құпия сөз дұрыс енгізілмеді
    • 3D Secure / Secure Code құпия сөзі картаға орнатылмаған (өз Банкіңізге жүгініңіз)
    • Сіздің картаңызды шығарған Банктің сервері қолжетімсіз
    • Саудагер (онлайн-дүкен) төлем жүйесінде дұрыс тіркелмеген
    • Төлем картасы төлем жүйесінде дұрыс тіркелмеген (өз Банкіңізге жүгініңіз)
  • Жүргізіліп жатқан төлемнің деректері дұрыс емес. Төлемді жүргізіп жатқан Интерет-Дүкенге жүгініңіз.

  • Картаны шығарған Банк оны қолдануда кейбір шектеулер енгізген.

    Себебін анықтау және шектеуді шешу үшін Сіздің картаңыз бойынша қызмет көрсететін Банкке жүгінген жөн.

  • Сіз төлемді жүргізуге тырысып жатқан карта базада жоғалған карта ретінде есептеледі. Сіздің картаңыз бойынша қызмет көрсететін Банкке жүгінгеніңіз жөн.

  • Сіздің карточкаңызда төлемді жүргізу үшін қаржы жеткіліксіз. Сізге Біздің банк ұсынатын кез келген әдіспен картаны толтыру қажет.

    Егер қаржы жеткілікті болса, және сіз осыған дейін қандай-да бір қателікпен аяқталған төлем жасасаңыз, мүмкін бұл сома бұғатталды және қолдану үшін қолжетімсіз. Соманы бұғаттан шығару үшін Сіз сәтсіз төлем жүргізген Дүкенге қоңырау шала аласыз немесе жаза аласыз немесе QAZKOM Call-Center-іне хабарласа аласыз. Сізге қолжетімді төлемдер бойынша қандай да бір мәліметтерді міндетті түрде хабарлаңыз.

    • транзакция күнін-уақытын
    • тапсырыс нөмірін
    • Транзакция референсі (RRN нөмір)
    • Сессия нөмірі
    • E-mail

    МАҢЫЗДЫ! Ешқашан картаның толық нөмірін бермеңіз! Бұл қауіпсіз емес.

    Егер нөмірді табыстау талап етілсе, алғашқы 6 және соңғы 4 санды ғана табыстаңыз, бұл деректер Сіздің транзакцияңызды сәйкестендіру үшін жеткілікті.

  • Картаның әрекет ету мерзімі аяқталды, немесе картаның әрекет ету мерзімі туралы қате деректер енгізілген.

    Әрекет ету мерзімін ағымдағы күнмен тексеріңіз (картада басылған) және қайталап көріңіз.

    Егер картаның әрекет ету мерзімі аяқталса, Сізге картаны қайта шығару немесе "әрекет ету мерзімінің аяқталмаған картаны қолдану қажет.

  • Сіздің картаңызды шығарған Банк оны пайдалануға кейбір шектеуулерді енгізген. Карта бойынша Интернет транзакцияларға тыйым салынған. Сізге себебін анықтау және шектеулерді алып тастау үшін Сіздің карточкаңыз бойынша қызмет көрсететін Банкке бару қажет.

    Егер QAZKOM картасы пайдаланылса, онда сіз өздігіңізден Homebank.kz  порталында онлайн төлемдерді жүргізу үшін шекктеуді өшіре аласыз немесе QAZKOМ Call-Center-іне хабарласа аласыз.

  • Осы саудагер пайдасына жүргізілетін төлем уақытша тоқтатылды. Кейінірек қайталап көріңіз.

  • Мүмкін себептер бойынша тәуліктік лимит шамадан асып кетті

    • Карта бойынша төлемнің тәуліктік лимиті (Картаны шығарған Банкке жүгінген жөн)
    • Онлайн-төлемді қабылдайтын Саудагерден алынатын төлемдердің тәуліктік лимиті (Саудагерге жүгінген жөн)

    Немесе сіз келесі күні қайта әрекеттеніп көре аласыз.

  • Сіздің картаңызды шығарған Банк уақытша қолжетімсіз. Кейініреку төлеп көріңіз. Немесе Сіздің картаңызды шығарған Банкке жүгініңіз.