arrows triangle online kiosk-new kiosk36-24 house-bank business bank notes radar calendar box credit-card atm36-24 atm36-24 key note briefcase-tick envelope-alt checkmark dots calculator graph home-bank location mag-alt mag cross menu phone question-mark facebook instagram linkedin twitter vkontakte youtube yvision download envelope print save share zoom arrow-left-thinnest arrow-right-thinnest arrow-left-thin arrow-right-thin arrow-left-mid arrow-up-mid arrow-down-mid arrow-right-mid arrow-left-bold arrow-up-bold arrow-down-bold arrow-right-bold external-link plus minus

Жеке тұлғаларға

  • Қайда хабарласу қажет? Байланыс орталығының қандай нөмірі сақталады?

    Клиенттер үйренген 7111 (ұялы байланыс үшін тегін) қысқа нөмірі қолданыста қалады, әрі біріктірілген Банктің барлық клиенттері үшін бірыңғай болмақ. Сонымен қатар VIP клиенттер мен American Express карталарының Иелері үшін арнайы нөмірлер де сақталатын болады.

  • Homebank-пен не болады?

    Біз Homebank интернет-банкингтің жаңа нұсқасын шығардық. Оны біріктірілген Halyk bank-те де пайдалану үшін ол жаңа әрі ыңғайлы қосымша функциялармен толықтырылған. Homebank біріктірілген Банктің барлық клиенттері үшін бірыңғай онлайн-банкинг болмақ және ол Қазақстанның кез-келген Банктің клиенттері үшін де қолжетімді болады.

    Homebank-те төлемдер мұрағаты, автотөлем атқарымы, таңдаулы төлемдер сақталады ма?

    Ия, Homebank-те барлық ыңғайлы функциялар, сондай-ақ жақында енгізілген қызметтердің түрлері де сақталатын болады. Сіз бұрынғы тәртіп бойынша түрлі қызметтерді өтеп, шоттар мен карталар арасында ақша аударымдары, депозитті толықтыру немесе ішінара ақша алу қызметтерін орындай аласыз. Сонымен қатар, біріктірілген Halyk bank-тің банкоматына және кез келген шетел картасына ақша жөнелте аласыз.

  • Менде QAZKOM картасы бар. Мен оны қайта шығаруым қажет пе және қызмет көрсетудің шарттары өзгере ме?

    Картаны қайта шығарудың қажеті жоқ, Сіз оның мерзімі аяқталғанша бұрынғы шарттары бойынша қолдана бересіз.

    Go! бонус бағдарламасы сақталады ма?

    Ия, Go! бонус клубы біріктірілген банк үшін бірыңғай бағдарлама болмақ. Halyk Bonus серіктестері Go! бағдарламасына қосылады, сондықтан Сіз Қазақстан бойынша 7 000 артық Серіктестердің желісінде мыңдаған бонустарды жинақтай аласыз.

    Booking.com-да бонус бағдарламасы сақталады ма?

    Ия, біз бұл бағдарламаның танымалдылығын ескеріп, оны біріктірілген банктің клиенттері үшін бұрынғы шарттары бойынша сақтайтын боламыз.

    Карталар бойынша қандай тарифтер қолданылады?

    Карталар бойынша барлық тарифтер қайта шығарылғанша сақталатын болады. Карта қайта шығарылған соң біріктірілген Банктің бірыңғай тарифтері әрекет етеді. Олармен www.halykbank.kz сайтынан танысуға болады.

  • Менде QAZKOM-да кредитім бар. Енді маған біріктірілген банкпен шартты қайта жасау қажет пе?

    Жоқ, қос банк біріккеннен соң QAZKOM клиенттеріне берілген займдар бойынша талап ету құқығы біріктірілген Halyk banк-ке өтеді. Яғни, сіз бұрынғы тәртіп әрі кесте бойынша займды өтей бересіз.

    Біріктірілген Halyk banк кредиттердің қандай түрін ұсынады?

    Біріктірілген банктің клиенттеріне кредиттік өнімдердің барлық түрі қолжетімді болады. Олар: кепілзатты және кепілзатсыз шұғыл қажеттіліктерге кредит, жылжымайтын мүлік, автокөлік сатып алуға кредит, нарықта ең озық ниеттестік бағдарламасы бар түрлі кредиттік карталары және бөліп төлеу арқылы сатып алудың екі бағдарламасы: Halyk Light және Homebank Orange.

    Уақытша туындаған қаржы мәселелеріне байланысты мен кредитті бұрынғы кесте бойынша өтей алмаймын. Міне, осыған байланысты мен қарыздың мерзімін ұзарту немесе құрылымын қайта қарастыруды сұрай аламын ба?

    Әрине, бұл сұрақты хабарласқан күні қолданыстағы тәртіпке сәйкес міндетті түрде қарастыру қажет. Егер де Сіз банктердің бірігуіне дейін берешектің мерзімін өткізіп алсаңыз және оны қайта құрылымдау бойынша банкке хабарласып, банк бұл мәселе бойынша оң шешім шығарса, онда Сіз біріктірілген Halyk banк-тің клиенті ретінде белгілеген тәртіпке сәйкес қарызды өтей бересіз.

  • Менде QAZKOM-да депозитім бар. Банк салымы туралы шартты қайта рәсімдеу қажет пе?

    Жоқ, қажет емес. Депозит шартының мерзімі аяқталғанша бекітілген тарифтер аясында әрекет етеді. Бұдан кейін QAZKOM салымшылары алдындағы барлық міндеттемелерді нарықтағы ең сенімді Банк – Halyk орындайтын болады. Шоттардың жаңа деректемелерін түрлі әдіспен - Homebank жүйесі арқылы, бөлімшедегі менеджерден және төлем терминалындағы анықтама арқылы алуға болады.

    Депозитім бойынша пайыздық мөлшерлеме өзгере ме?

    Сіздің депозитіңіз бойынша сыйақы мөлшерлемесі банк салымы шартының мерзімі аяқталғанша сақталатын болады. Шарттың мерзімі аяқталған соң, Сіз біріктірілген Halyk bank-тің шартына сәйкес жаңа шарт жасай аласыз. Депозит бойынша сыйақы мөлшерлемесі www.halykbank.kz, qazkom.kz сайттарында көрсетілген.

    Менде QAZKOM-да және Halyk bank-те депозитім бар. Олардың жалпы сомасы 10 млн теңгеден асады. Қос банк біріккен соң менің жинақтарым ҚДКҚ-мен кепілдендіріле ме?

    Біріктірілген Halyk bank QAZKOM және Halyk bank салымшылары алдында қабылданған міндеттемелерін толығымен орындайды және қос банкте жинақталған депозиттер бойынша барлық жауапкершілікті мойнына алады. Сомасы 10 (он) миллион теңгеден аспайтын барлық салымдарға кепілдік беріледі.

    Менің ағымдағы шотыммен не болмақ?

    Сіздің ағымдағы шотыңыз ішіндегі барлық қаражат қалдығымен QAZKOM-мен жеке тұлғалар арасында жасалған шарт бойынша барлық міндеттемелерді орындайтын біріктірілген Halyk bank-ке өтетін болады.

    Шоттарға қызмет көрсету шарты өзгере ме?

    Жоқ, өзгермейді. Жаңа Шарттарды немесе қосымша келісімдерді жасаудың қажеті жоқ. Шоттардың жаңа деректемелерін түрлі әдіспен - Homebank жүйесі арқылы, бөлімшедегі менеджерден және төлем терминалындағы анықтама арқылы ала аласыз.

    Менің ағымдағы шотымның нөмірі өзгере ме?

    Ия, Сіздің шоттарыңызда жаңа деректемелер пайда болады. Бұл өзгерістер жайлы біз Сізге Банкке хабарласқанда немесе Homebank порталы арқылы хабарлайтын боламыз. Бұл ретте Сіз бірнеше ай бойы QAZKOM-ның бұрынғы деректемелері бойынша төлемдерді орындай бересіз. Деректемелердің өзгеруі жайлы таныстарыңызға/туысқандарыңызға хабар беруге уақытыңыз жеткілікті болатыны сөзсіз.

  • Мен QAZKOM-ның сейфтік ұяшығын жалға алып отырмын. Жалға алудың шарттары бұрынғы тәртіпте қалады ма, әлде жаңа шарт жасау қажет пе?

    Ия, QAZKOM-ның сейфтік депозитарийді жалға алу шарты мерзімі аяқталғанша бұрынғы тәртіп бойынша қалып, мерзімі ұзартылмайды. Сейфтік депозитарийді ары қарай қолдану үшін Сізге біріктірілген Halyk bank-тің шарты бойынша жаңа шарт жасасу қажет.

  • QAZKOM бөлімшелерінің орналасуы сақталады ма? Қай бөлімшелердің жабылатыны жайлы қайдан білуге болады?

    Halyk bank пен QAZKOM-ның бірігуі кезінде біз біріктірілген филиал желісін барынша сақтап қалуға тырысамыз. Қос банктің жақын орналасқан бөлімшелері бірін-бірі қайталамас үшін кеңейтілуі немесе тиімді мекенжайға көшірілуі мүмкін. Бұл жұмыстар кезінде қызмет көрсету сапасы төмендемейді.

    Біріктірілген Halyk bank QAZKOM-да болған қызмет көрсету сапасын қамтамасыз етеді ме?

    Филиалдық желіде қызмет көрсету сапасын арттыру - Halyk bank-тің басты мақсаты. Сондықтан қазіргі уақытта персоналды оқыту, Заңды тұлғаларға қызмет көрсетуде Halyk bank-тің жаңа функционалын енгізу және процедураларды жылдамдату бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде.

  • QAZKOM бөлімшелерінде авторландырылған сенімхаттар бойынша қызмет сақталады ма?

    Сенімхат бойынша қызмет үшін Сізге құжаттың түпнұсқасымен Банк бөлімшесіне жүгіну қажет. Жақын арада бұл процесс құжатсыз қызмет көрсету бойынша жетілдіретін болады.

  • Бізге хабарласыңыз немесе хат жазыңыз, біз міндетті түрде Сізге жауап береміз.

    QAZKOM байланыс орталығы
     
    7111 (ұялы байланыс тегін)
     
     
    www.facebook.com/qazkombank
    www.instagram.com/qazkom_official
    twitter.com/Qazkom_Bank
    vk.com/qazkom_bank
     
    Halyk bank байланыс орталығы
     
    +7 (727) 259-07-77
    8-8000-8000-59
     
    www.facebook.com/halykbank
    www.instagram.com/halykbank.kz
    twitter.com/halykbank_kz
    vk.com/halykbank