arrows triangle online kiosk-new kiosk36-24 house-bank business bank notes radar calendar box credit-card atm36-24 atm36-24 key note briefcase-tick envelope-alt checkmark dots calculator graph home-bank location mag-alt mag cross menu phone question-mark facebook instagram linkedin twitter vkontakte youtube yvision download envelope print save share zoom arrow-left-thinnest arrow-right-thinnest arrow-left-thin arrow-right-thin arrow-left-mid arrow-up-mid arrow-down-mid arrow-right-mid arrow-left-bold arrow-up-bold arrow-down-bold arrow-right-bold external-link plus minus

Бағдарлама үш бағытта іске асырылады

  • Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдармасының басымдықтарына сәйкес экономиканың шикізат емес секторларында жобаларды іске асыру кезінде мемлекеттік қолдау көрсетуді көздейді.

    Бағдарламаны іске асырудың бірінші бағыты аясында мемлекеттік қолдаудың мәні

    • Жобаларды іске асыру үшін банктердің несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау
      Банктің сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыруға берілетін жаңа несиелер бойынша жүзеге асырылады. Субсидиялауға сондай-ақ бағдарламаның бірінші бағытына сәйкес келетін, 2010 жылдың 1 қаңтарынан бұрын алынбаған қарыздарды қайта қаржыландыруға бағытталған несиелер жатады
    • Жобаларды іске асыруға бағытталған несиелер бойынша ішінара кепілдік беруде
      Кепілдік тек жаңа жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобалар бойынша берілетін несиелер бойынша беріледі
  • Сауықтыру аясында мынадай қолдау көрсетілуі мүмкін

    • Борышкердің бұрыннан бар банк несиелері (мақұлдау сәтінде) бойынша пайыздық мөлшерлемені және жобаны мақұлдағаннан кейін пайда болатын бір несие желісі шеңберінде жаңа берешекті субсидиялау
      Бағдарламаны іске асырудың екінші бағытына қатысуға өтінімді борышкер тек 2011 жылы ғана бере алады.
      Пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бұрыннан бар берешекке (мақұлдау сәтінде) және жобаны мақұлдағаннан кейін пайда болатын бір несие желісі шеңберінде жаңа берешекке таралады
    • Борышкерге төлемақы өсімін есептеместен 3 жыл мерзімге дейін салық төлемі бойынша берешегін (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан бөлек) шегеру
      Шегеру 01.01.2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасы үкіметінің тиісті шешім қабылдаған сәтіне дейінгі кезеңде қалыптасқан берешектерге берілуі мүмкін
      Шегеру 3 жылға дейінгі мерзімге беріледі, оның ішінде өсімақы есептелмейді
    • Қаржы-экономикалық сауықтыру жоспары шеңберінде кәсіпорындарды сауықтырудың басқа да шаралары
  • Мемлекеттік қолдау бұрыннан бар банк несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау арқылы көрсетілетін болады.

  • Бағдарламаның шарттарымен Сіз Субсидиялау және кепілдік беру шарттары сілтемесіне өтіп, толығырақ таныса аласыз (3 Мб).

    Бағдарламада белгіленген нысан бойынша өтінішті

    Сіз өз өңіріңіздегі шағын және орта бизнес бөлімдеріне баруыңыз қажет.

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдармасына сәйкес келетін экономиканың басы секторларының тізбесімен Сіз Экономиканың басым секторлары тізбесі сілтемесіне өтіп, таныса аласыз (900 Кб).
    (Экономиканың басым секторлары экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктегішіне (ЭҚЖЖ) сәйкес Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 683-од бұйрығымен бекітілген, Бағдарламаның № 1 Қосымшасына сай).


    Қосымша

    Сұрақтар туындаған жағдайда Сіз Банктің өз өңіріңіздегі филиалдарына баруыңыңызға не болмаса «Бизнес-желі» телефондарына хабарласуыңызға болады (қоңырау шалу тегін)

    • 2-585-108 Алматы қаласында
    • 585-108  Астана, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Талдыкорган, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент қалалары үшін
    • 8 (727) 2-585-108 - басқа қалалар мен ауылдар (қоңырау шалу тегін)
    • По e-mail:  BusinessLine@kkb.kzdkb2020@kkb.kz