arrows triangle online kiosk-new kiosk36-24 house-bank business bank notes radar calendar box credit-card atm36-24 atm36-24 key note briefcase-tick envelope-alt checkmark dots calculator graph home-bank location mag-alt mag cross menu phone question-mark facebook instagram linkedin twitter vkontakte youtube yvision download envelope print save share zoom arrow-left-thinnest arrow-right-thinnest arrow-left-thin arrow-right-thin arrow-left-mid arrow-up-mid arrow-down-mid arrow-right-mid arrow-left-bold arrow-up-bold arrow-down-bold arrow-right-bold external-link plus minus

Толығырақ

  • Тендерлік кепілдік – бұл тендер құжаттамасына сай тендерге қатысушының тендер ұйымдастырушының алдындағы міндеттемелерін қамсыздандыратын кепілдік.

    • Қолданылу аясы – тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізушілерді анықтау мақсатында өткізілетін конкурстар мен тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу жөніндегі тендерлер
    • Өтінім беруші – өз тауарларын, қызметтері мен жұмыстарын ұсынғысы келетін тендер, конкурс қатысушысы
    • Бенефициар – тендерді ұйымдастырушы
    • Мақсаты – тендер құжаттамасында көрсетілген әлеуетті жеткізушінің міндеттемелерін қамсыздандыру
    • Сомасы – әдетте жалпы конкурстық ұсынымның 1-5%
    • Қолданылу мерзімі – әдетте конкурстық ұсыныстары бар конвертті ашқан күннен бастап 60 күн
  • Егер де Сіз тендерлерге қатысқыңыз келсе, QAZKOM-ның «Айналымдарға тәуекелді тендерлік кепілдік» бағдарламасын пайдаланыңыз. Сіз тұрақты Банктен кепілдік аласыз әрі өз уақытыңыз бен ақшаңызды үнемдейсіз!

    Артықшылықтары

    • Өтінімді шұғыл мерзімде қарау
    • Кепілзатпен қамсыздандыруды ұсынудың қажеті жоқ
    • Қаржыландыруға өтінімді қараудың оңайлатылған схемасы
    • QAZKOM-ның айналымдарына, не болмаса басқа ЕДБ-дің айналымдарына, не болмаса айналымдар жоқ болған жағдайда кепілдіктер шығару мүмкіндігі

    Шарттары

    • Мақсаты: тауарларды өткеру немесе жұмыстар мен қызметтерді көрсету мақсатында тендерге қатысу
    • Нысаналы топ: QAZKOM-да несие айналымдары бар ҚР резиденттері, сондай-ақ айналымдары жоқ: жеке кәсіпкерлер; заңды тұлғалар
    • Кепілдік валютасы: теңге
    • Кепілдіктің ең көп сомасы
      - 15 000 000 теңгеге дейін – QAZKOM-дағы айналымдарға
      - 5 000 000 теңгеге дейін - QAZKOM-да және ЕДБ-терде айналымдарсыз
    • Кепілдіктің қолданылуының ең көп мерзімі: 100 күнтізбелік күннен аспайды
    • Желінің ең көп мерзімі: 12 ай
    • Қолжетімділік кезеңі: 9 ай
    • Кепілдікті шығарғаны үшін комиссия: 0%
    • Кепілдік бойынша тәуекел үшін комиссия
      - QAZKOM-дағы айналымдарға – тәуекелді тендер кепілдігі сомасының 1% ең азы 10 000 теңге, ең көбі 150 000 теңге (Бөлшек сауда дирекциясының 24.06.2015 ж. №15-48 шешімдерімен бекітілген)
      - QAZKOM-да және ЕДБ-рде айналымдары болмаған жағдайда - әр кепілдік сомасының 2%, ең азы 10 000 теңге, ең көбі 150 000 тенге (Бөлшек сауда дирекциясының 24.06.2015 ж. №15-48 шешімдерімен бекітілген)

    Шарттар 05.10.2012 ж. бастап қолданылады. Шарттар мен тарифтер Банктің шешімімен бір жақты тәртіппен өзгеруі мүмкін.

  • Міндеттемелерді орындау кепілдігі (тендерден кейінгі кепілдік) – бұл тендердің қорытындылары бойынша жасалған шарт бойынша өтінім берушінің міндеттемелерін қамсыздандыратын кепілдік.

    • Қолданылу аясы – конкурстар немесе тендерлер қорытындылары бойынша жасалатын сатып алулар туралы шарттар
    • Өтінім беруші – онымен тауарларды, жұмыстарды немесе қызметтерді сатып алу туралы шарт жасалған конкурс немесе тендер жеңімпазы
    • Бенефициар – егер өтінім беруші өзінің шрт бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда өзі қауіпсіздендіргісі келген конкурс немесе тендер ұйымдастырушысы
    • Мақсаты – өтінім берушінің шарт бойынша міндеттемелерін қамсыздандыру. Әдетте тендерден кейінгі міндеттемелерді орындау кепілдіктері өтінім берушінің тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізіп беру жөніндегі міндеттемелерін қамсыздандырады және кепілді жарна ретінде танылады
    • Сомасы – әдетте шарттың жалпы сомасының 1-5 %
    • Қолданылу мерзімі – әдетте шарттың қолданылу мерзімінен 15-30 күнге ұзақ не болмаса өтінім беруші өзінің шарт бойынша міндеттемелерін орындауы тиісті ақырғы күн
    • Арнайы талаптар – міндеттемелерді орындаудың тендерден кейінгі кепілдігі келешекте пайда болатын міндеттемелерді қамсыздандыру ретінде шығарылуы мүмкін (яғни өтінім берушіні тендер немесе конкурс жеңімпазы деп танығаннан кейін, бірақ сатып алулар туралы шарт жасағанға дейін)

    Міндеттемелерді орындау кепілдігі (келісім-шарт бойынша) – бұл тауарларды сатып алу-сату немесе қызметтерді көрсету шарты (тендерлер қорытындылары бойынша жасалған шарттарды қоспағанда) бойынша Өтінім берушінің міндеттемелерін қамсыздандыратын кепілдік.

    • Қолданылу аясы: сауда келісім-шарттары, жұмыстарды атқару, қызметтер көрсету туралы шарттарг
    • Өтінім беруші: негізгі мәміленің талаптары бойынша тауарды жеткізіп беруі, жұмыстарды атқаруы немесе қызметтерді көрсетуі тиіс сатушы
    • Бенефициар: сатып алушы, тапсырыс беруші немесе өзіне қызметтер көрсетілетін, Өтінім берушінің тауарды жеткізіп беру, жұмыстарды атқару немесе қызметтерді көрсету жөніндегі міндеттемелерді орындамау тәуекелінен өзін қауіпсіздіндіргісі келген тарап
    • Мақсаты: Өтінім берушінің тауарды жеткізіп беру, жұмыстарды атқару немесе қызметтерді көрсету жөніндегі міндеттемелерін қамсыздандыру
    • Сомасы: әдетте келісім-шарттың жалпы сомасының 1-20 %
    • Қолданылу мерзімі: әдетте, әдетте келісім-шарттың қолданылу мерзімінен 15-30 күнге ұзақ не болмаса өтінім берушінің келісім-шарттың талаптарына сәйкес міндеттемелерін орындаудың ақырғы күні

    Міндеттемелерді орындау кепілдігі (кеден органдарының пайдасына) – бұл Өтінім берушінің кедендік төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерін қамсыздандыру кепілдігі.

    • Қолданылу аясы: Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кедендік төлемдер
    • Өтінім беруші: Қазақстан Республикасының заңнамасына сай кедендік төлемдерді жүргізуге міндетті тарап
    • Бенефициар: кеден органы
    • Мақсаты: Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген Өтінім берушінің кедендік төлемдерді төлеу міндеттемелерін қамсыздандыру
    • Сомасы: Қазақстан Республикасының заңнамасына сай төленуі тиіс кедендік төлем сомасы
    • Қолданылу мерзімі: әдетте Өтінім беруші кешіктірмей кедендік төлем жасауы тиіс мерзімнен 15-30 күнге ұзақ
  • Төлем кепілдігі (келісім-шарт бойынша) – бұл Өтінім берушінің келісім-шарт бойынша төлем міндеттемелерін қамсыздандыратын кепілдік.

    • Қолданылу аясы: сауда келісім-шарттары, жұмыстар атқару, қызметтер көрсету туралы шарттар
    • Өтінім беруші: сатып алушы, төлеуші, тапсырыс беруші, қызметтер көрсетілетін тарап
    • Бенефициар: сатушы, мердігер, қызметтерді орындаушы
    • Мақсаты: Өтінім берушінің алынған тауарға, атқарылған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге ақы төлеу жөніндегі міндеттемелерін қамсыздандыру
    • Сомасы: кепілдік сомасы келісім-шарт бойынша төлем талаптарына қарай белгіленеді
    • Қолданылу мерзімі: әдетте Өтінім берушінің негізгі мәміле бойынша кешіктірмей төлем жүргізуі тиіс мерзімінен 15-30 күнге ұзақ.

    Төлем кепілдігі (әуе тасымалдарын сату жөніндегі агенттік келісім бойынша) – бұл Өтінім берушінің агенттік келісімге сәйкес тасымалдарды сатудан алынған ақша қаражаттарын Бенефициарға аудару жөніндегі мөлем міндеттемелерін қамсыздандыратын кепілдік.

    • Қолданылу аясы: тасымалдарды сату жөніндегі агенттік, қосалқы агенттік келісімдер
    • Өтінім беруші: тасымалдарды сату тапсырылатын агент, қосалқы агент
    • Бенефициар: Өтінім берушіге өз тасымалдарын сатуды тапсыратын IATA (INTERNATIONAL AIR TRANSPORT ASSOCIATION), әуе компаниялары, темір жол компаниялары
    • Мақсаты: Өтінім берушінің тасымалдарды сатудан түскен ақша қаражаттарын Бенефициарға аудару жөніндегі міндеттемелерін қамсыздандыру
    • Сомасы: кепілдік сомасы келісімде белгіленеді: әдетте, бұл агенттің немесе қосалқы агенттің комиссияларын шегеріп тастағанда, тасымалдардың айлық, тоқсандық немесе жылдық көлемінің бағасы
    • Қолданылу мерзімі: әдетте Бенфициардың Өтінім берушіден тасымалдар үшін түскен қаражаттардың түсімін тексеретін есептік күнге дейін
  • Алдын ала төлемді қайтару кепілдігі – бұл Өтінім берушінің аударылған аванс төлемі шегінде тауарды жеткізіп беру, жұмыстарды атқару, қызметтерді көрсету жөніндегі міндеттемелерінің орындалуын қамсыздандыратын кепілдік.

    • Қолданылу аясы: сауда келісім-шарттары, жұмыстарды атқару, қызметтерді көрсету туралы шарттар
    • Өтінім беруші: келісім-шарт талаптары бойынша тауарды жеткізуі, жұмыстарды атқаруы немесе қызметтерді көрсетуі тиіс сатушы, мердігер немесе қызметтерді атқарушы
    • Бенефициар: сатып алушы, тапсырыс беруші немесе өзіне қызметтер көрсетілетін, Өтінім берушінің келісім-шартқа сәйкес тауарды жеткізіп беру, жұмыстарды атқару немесе қызметтерді көрсету жөніндегі міндеттемелерін орындамаған жағдайда аванстық төлемді қайтармау тәуекелінен өзін қауіпсіздіндіргісі келген тарап
    • Мақсаты: Өтінім берушінің аударылған аванс төлемі шегінде тауарды жеткізіп беру, жұмыстарды атқару немесе қызметтерді көрсету жөніндегі міндеттемелерін қамсыздандыру
    • Сомасы: келісім-шарт бойынша төлем шарттарына сай аванс төлемі сомасы
    • Қолданылу мерзімі: әдетте келісім-шарттың қолданылу мерзімінен 15-30 күнге ұзақ, не болмаса Өтінім беруші келісім-шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауы тиіс ақырғы күн
  • Несиені өтеу кепілдігі – бұл Өтінім берушінің негізгі қарыздыың сомасы мен несие бойынша пайыздарды қайтару жөніндегі міндеттемелерін қамсыздандыратын кепілдік.

    • Қолданылу аясы: несие келісімдері, қарыз шарттары, неисе желісін ашу туралы шарттар
    • Өтінім беруші: қарыз алушы
    • Бенефициар: Өтінім берушіге несие беретін немесе Өтінім берушіге несие желісін ашатын және егер Өтінім беруші несиені қайтармаған, несие бойынша пайыздарды төлемеген жағдайда өзін қауіпсіздендіргісі келетін қаржы институты
    • Мақсаты: Өтінім берушінің несиені және несие бойынша есептелген пайыздарды қайтару жөніндегі міндеттемелерін қамсыздандыру
    • Сомасы: несиенің негізгі сомасы немесе несиенің негізгі сомасы және есептелген сыйақы
    • Қолданылу мерзімі: әдетте Өтінім берушінің негізгі қарыздың сомасын кешіктірмей қайтаруы немесе несие бойынша пайыздарды төлеуі тиіс күннен 15-30 күнге ұзақ
  • Шетелдік серіктестер көбінесе қазақстандық компаниялардан келісім-шарт аясында банк келдіктерін ұсынуын талап етеді. Оның үстіне, әдетте, қандай да бір бірінші санаттағы банктің кепілдігі талап етіледі. Соңғылар, өз кезегінде қазақстандық компания үшін кепіл болуға дайын емес. Шетелдік серіктестің талабын қанағаттандыру және тартымды мәміле жасау үшін қазақстандық компаниялардың шетелдік банкке (Кепілгер банкке) қарсы кепілдік беруі үшін QAZKOM-ға (Қарсы кепілгер банкке) жүгінуі қажет.

    Үш тарап («өтінім беруші-кепілгер банк -бенефициар») қатысатын тікелей кепілдіктерді беру схемасынан ерекшелігі қарсы кепілдікті пайдаланатын схема мәмілеге төрт тараптың («өтінім беруші- қарсы кепілгер банк- кепілгер банк- бенефициар») қатысуын болжамдайды.

    Осылайша, қарсы кепілдік – Қарсы кепілгер Банктің клиенттің (Өтінім берушінің) өтініші бойынша Кепілгер Банктің пайдасына беретін кепілдігі. Онда төлеу туралы жазбаша талап алғаннан кейін қарсы кепілдік талаптарына сәйкес Клиенттің Кепілгер Банкке ақша сомасын төлеу міндеттемесімен бірге оның шетелдік серіктесінің пайдасына Клиент үшін кепілдікті ұсыну туралы нұсқау болады..

    Аталған схеманы сондай-ақ егер Сіз – кепілдік жөніндегі Бенефициар болып, және Сізде серіктесіңізге (Өтінім берушіге) қызмет көрсететін банктің кепілдігінің сенімділігіне күмән пайда болғанда пайдалануға болады. Бұл кезде QAZKOM Қарсы кепілгер Банктен қарсы кепілдік алғаннан кейін Сіздің компанияңыздың пайдасына өз кепілдігін шығаруы мүмкін.