arrows triangle online kiosk-new kiosk36-24 house-bank business bank notes radar calendar box credit-card atm36-24 atm36-24 key note briefcase-tick envelope-alt checkmark dots calculator graph home-bank location mag-alt mag cross menu phone question-mark facebook instagram linkedin twitter vkontakte youtube yvision download envelope print save share zoom arrow-left-thinnest arrow-right-thinnest arrow-left-thin arrow-right-thin arrow-left-mid arrow-up-mid arrow-down-mid arrow-right-mid arrow-left-bold arrow-up-bold arrow-down-bold arrow-right-bold external-link plus minus

Қазынашылық операциялар

  • QAZKOM Бастапқы дилер, Қазақстан Республикасының МБҚ нарығындағы негізгі операторлардың бірі болып табылады. Біз бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызмет көрсетуді ұсынуға дайынбыз.

    МБҚ сатып алу-сату операциялары бастапқы нарықта аукциондарда, Қазақстандық Қор биржасында, Казкоммерцбанктің баға белгіленімі бойынша банктің қоржынынан тікелей жүзеге асырылады. Банк пен клиенттің арасында Брокерлік қызмет көрсету туралы шартқа қол қойылады, оның аясында жекелеген клиенттік тапсырыстар орындалады. Біздің дилерлер МБҚ нарығындағы ұсыныс туралы, нарықтық бағалардың деңгейі туралы Сізге әрқашан кеңес береді, Сіздің қажеттіліктеріңізге байланысты қаражатыңызды оңтайлы орналастыруға көмектеседі.

    МБҚ-мен "РЕПО" операциялары – клиенттен МБҚ сатып алу, оларды тиянақталған баға бойынша қайта сату шартымен – іс жүзінде МБҚ кепілге салып несиелеуді білдіреді.

  • QAZKOM қазақстандық валюталық нарықтағы ең ірі операторлардың бірі болып табылады және өз клиенттеріне айырбастаудың жеңілдікті бағамы бойынша шетелдік валютаны сатып алу-сату жөнінде операцияларды ұсынады.

    Айырбастаудың жеке бағамдарын ұсыну 100 мың АҚШ долларынан (басқа валюталардағы баламасы) бастап сомаға мүмкін. Айырбастаудың жеке бағамдары барлық валюталар бойынша күнбе күн есебінен ұсынылады (бір күннің ішінде сатылатын және сатып алынатын валютаны шешу және есептеу рәсімі).

    Жеке бағамды алу шетелдік валютаны сатып алуға немесе сатуға мәмілені бекітуге теңестіріледі, онда екі жақ та келісілген шарттарды орындау жөнінде өздеріне міндеттеме алады.

    Айырбасталымдық операцияларды жүргізуде қажеттілік туындаған кезде, клиенттің уәкілетті тұлғасы жеке бағамды, ұсыныстар мен болжамдарды, оның ішінде жеңілдікті бағамды алу рәсімі бойынша кеңес алу үшін Қазынашылық Департаментінің Дилерлерімен (+7 727 2585225) тікелей байланыса алады.

  • «Қысқа ақша» нарығы

    QAZKOM, «қысқа ақшаның» банк аралық нарығындағы ең ірі операторлардың бірі ретінде, уақытша бос (1 күннен) клиенттік қаражатты тарту жөнінде өзінің қызметтерін ұсынады.

    Банктің клиентпен өзара қатынастары Салым операциялары туралы келісіммен ресімделеді. Клиенттің шотына уақытша бос қаражат болған кезде бір тарап екінші тарапқа бұл қаражатты банкте «қысқа ақша» банк аралық нарығының және МБҚ нарығының жағдаятының негізінде анықталатын баға белгіленімдері бойынша орналастыру ұсынысымен жүгінеді.

    Орналастыру теңгеде де, валютада да жүзеге асырылуы мүмкін.
    Сіздің депозиттеріңіз айырбастау және форвардтық операцияларды жүргізу кезінде кепіл болуы мүмкін.

  • Депозиттік мөлшерлемелердің деңгейімен Сіз келесі сілтемеден өтіп, таныса аласыз

     

  • QAZKOM нарықтың дамуына конструктивті әсер етіп, әрқашан одан озып отыруға ұмтылды. Сауда операциялар саласында қызметтер спектрін кеңейтіп,  QAZKOM қазақстандық нарық үшін жаңа қаржылық құралдармен – құрылымдық өнімдермен және өндірістік құралдармен белсенді жұмыс  істейді. Валюталық тәуекелдер жөніндегі операциялар қазіргі уақытта бүкіл әлемде үлкен әйгілікке ие. Банктің мамандары стратегияны әзірлеудің, хеджерлеу операцияларын дайындау және жүргізудің  барлық кезеңдерінде клиенттерге кеңес беруге дайын.

    Тәуекелдерді хеджерлеу – нарықтық тәуекелдерді төмендету үшін өндірістік құралдарды пайдалану.

    Хеджерлеудің кең таралған құралдары

    • Форвард айырбастау мәмілесі –есебі мәмілені бекіткеннен кейін үшінші жұмыс күнінен ерте емес жүргізілетін мәмілені жасасу сәтінде бекітілген бағам бойынша шетелдік валютаны сатып алу немесе сату жөніндегі клиенттің міндеттемесі. Мысалға, компания АҚШ долларында несиеленеді (валютада міндеттемелер туындайды), түсім теңгеде келіп түседі, егер компания АҚШ долларының өсуіне байланысты мүмкін болатын ысыраптардан сақтандырғысы келсе, онда ол АҚШ долларларын сатып алуға форвардты бекітеді. Енді компания болашақтағы бағамның өзгеруіне тәуелді болмайды және несиені өтеу күніне (форвардты мәмілені орындау күні) теңгенің қандай көлемін дайындап қоюды нақты біледі.
      Егер компания экспорттаушы болып табылса, валюталық түсімі болса және бағамның құлауына байланысты мүмкін болатын ысыраптардан сақтандыруды қаласа дәл осындай жағдай орын алады.