arrows triangle online house-bank business bank notes radar calendar box credit-card key note briefcase-tick envelope-alt checkmark dots calculator graph home-bank location mag-alt mag cross menu phone question-mark facebook instagram linkedin twitter vkontakte youtube yvision download envelope print save share zoom arrow-left-thinnest arrow-right-thinnest arrow-left-thin arrow-right-thin arrow-left-mid arrow-up-mid arrow-down-mid arrow-right-mid arrow-left-bold arrow-up-bold arrow-down-bold arrow-right-bold external-link plus minus

Науқанның шарты

  • Науқанға American Express Бизнес карталарын есептемегенде, "Казкоммерцбанк" АҚ шығарған American Express барлық негізгі және қосымша карталар қатысады. Науқан 2015 жылдың 1 қазанына дейін әрекет етеді. Науқанға қатысу және бонустарды алу үшін Booking.com-да QAZKOM шығарған кез келген картаны қолданып, брондауды жүзеге асыру қажет.

    Booking.com аталған бетінен тыс жүзеге асырылған брондау науқанға қатыстырылмайды.

    QAZKOM картасын қолданусыз жүзеге асырылған брондау науқанға қатыстырылмайды.

  • Go! Бонустары Booking.com белгіленген бетінде жүзеге асырылған брондау сомасынан 7% көлемінде есептеледі. Бонустар брондаудың 30 000 теңгеден асатын барлық сомаларына есептеледі, максималды сома және брондау сандары шектелмеген.

    Брондау сомалары жинақталмайды. 

  • Бонустар тек расталған және толығымен төленген брондауларға ғана есептеледі. Бонустар толық төлемді жүзеге асырған күннен бастап екі ай ішінде есептеледі. Есептеу мерзімі www.booking.com тарапынан деректерді жинауға, Банкке ақпаратты беруге және есептеулерді жүзеге асыруға жұмсалатын уақытпен шартталған.

    №1 мысал

    Сіз QAZKOM белгіленген бетінде 5 қазанда 150 000 теңге сомасына брондауды жүзеге асырдыңыз және тұрудың 100% алдын ала төлеуді орындадыңыз. Сізге Go! Бонустары 10 500 теңге көлемінде 5 желтоқсаннан кешіктірілмей есептеледі.

    №2 мысал

    Сіз QAZKOM белгіленген бетінде 5 қазанда 150 000 теңге сомасына қайтып келгенде төлеу шартымен брондауды жүзеге асырдыңыз. Брондалған қонақ үйге кіру күні - 15 қазан, кірген кезде Сіз аталған сомаға төлемді жүзеге асырасыз. Сізге 10 500 теңге көлеміндегі Go! бонустары 15 желтоқсаннан кешіктірілмей есептеледі.

  • Алынған бонустар бірыңғай Go! Бонустық шотта жиналады. Сіз Go! Бонустарын Қазақстандағы Go! бағдарламасының 6 000-нан астам әріптестерінің желісінде қолдана аласыз. Бағдарламаның әріптестер желісімен www.gocard.kz сайтынан танысыңыз.