arrows triangle online kiosk-new kiosk36-24 house-bank business bank notes radar calendar box credit-card atm36-24 atm36-24 key note briefcase-tick envelope-alt checkmark dots calculator graph home-bank location mag-alt mag cross menu phone question-mark facebook instagram linkedin twitter vkontakte youtube yvision download envelope print save share zoom arrow-left-thinnest arrow-right-thinnest arrow-left-thin arrow-right-thin arrow-left-mid arrow-up-mid arrow-down-mid arrow-right-mid arrow-left-bold arrow-up-bold arrow-down-bold arrow-right-bold external-link plus minus

Толығырақ

  • Біз тең мүмкіндіктерді ұсыну және кемсітушіліктің барлық түрлерін болдырмау жөніндегі қатал ережелерді ұстанамыз. Жұмысқа қабылданған кезде үміткерлердің ұлтына, жынысына, діни наным-сеніміне немесе саяси көзқарастарына байланысты қандай да шектеулер жоқ.

    Біздің кадрлық құрамымыз көп ұлтты: бізбен 33 ұлттың қызметкерлері жұмыс істейді. Қызметкерлердің көпшілігі – әйел адамдар, олардың бірқатары басқарушы лауазымдарда қызмет етеді.

    Біз қызметкерлерімізге медициналық сақтандыру және банктік өнімдерді қолдануға жеңілдіктер кіретін кең әлеуметтік пакетті ұсынамыз.

  • Біздің кадрлық саясатымыз келесі қағидаларға негізделеді

    • Бос орындарға үміткерлерді дұрыс таңдау
    • Жаңа қабылданған қызметкерлердің бейімелуі
    • Банк қызметкерлерін оқытуды және біліктіліктерін арттыруды ұйымдастыру
    • Ынталандыру және аттестаттау (бағалау) саясаты
    • Әлеуметтік қамтамасыз ету бағдарламасы

    Банк қызметкерлерінің әлеуметтік пакетінде QAZKOM есебінен табыс салығының және жинақтау жүйесіне аударымдардың төленуіне кепілдік беретін, сонымен қатар еңбек демалысын толық қолдану мүмкіндігін беретін норма бар.

    Қызметкерлерді медициналық сақтандыру пакетіне медициналық қызметтердің кең тізімі кіреді. Күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда банк қызметкерге материалдық көмек көрсетеді.

    Банк қызметкерлерінің еңбек қызметі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен, ішкі нормативтік құжаттармен реттеледі және кемсітушілікті болдырмауға бағытталған. QAZKOM қызмет еткен кезең бойы қандай да бір белгі бойынша кемсітушіліктің бірде бір жағдайы байқалмаған (діні, жынысы, жыныстық көзқарасы, жасы, мүгедектігі, өтілі немесе кез келген өзге белгілері бойынша кемсіту және қорқыту).

    QAZKOM жыныстық, нәсілдік, саяси, діни және өзге осыған ұқсас себептер бойынша қандай да кемсітушілік көріністеріне жол бермей, қызметкерлердің жеке қасиеттерін, біліктілігін, тиімділігін және кәсіпқойлығын басшылыққа алып, ашық конкурстық негізде жұмысқа қабылдануын, еңбектің төленуін және қызмет бойынша жылжуын қамтамасыз етеді.

    Қызметкерлер этикалық мәселелер туындаған жағдайда тікелей немесе жоғары тұрған басшылыққа тікелей жүгіне алуы үшін, сонымен қатар оған банктің ішкі нормативтік құжаттарын сақтамау, заңнаманы бұзу әлеуетті немесе анықталған жағдайлары туралы хабарлай алу үшін барлық жағдайлар жасаймыз.

    Біздің қызметкерлер жеке еңбек шарттарын бекітеді, онда қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері, еңбекті төлеу шарттары және т.б., сондай-ақ жұмыс берушінің міндеттемелері егжей-тегжейлі ашылған.

    QAZKOM-да қызметкерлердің өтініштерін немесе хаттарын қарау, сондай-ақ жеке сұрақтар бойынша банк басшылығының қабылдау рәсімі бар. Жанжалдар туындаған жағдайда, қызметкерлер тікелей немесе жоғары тұрған басшылыққа еркін жүгінеді.

    2005 жылдан бастап QAZKOM-да қашықтықтан білім алу жүйесі (ҚБАЖ) табысты жұмыс істейді, оған қызметкерлерді оқыту және тестілеу кіреді және жұмыс орнында тесттен өтіп, түрлі мамандықтар бойынша оқуға мүмкіндік береді (кәсіптік курстар және жеке өсу жөніндегі курстар). Жүйеде 10 мыңнан астам адам оқытылады және тестіленеді, олардың ішінде – банк қызметкерлері, банкке қабылдануға үміткерлер және тағылымгерлер.

  • Біз келесідей халықаралық әмбебап құжаттардың қағидаларын қолдаймыз және жүзеге асырамыз:

    • Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы
    • Адам құқықтары туралы халықаралық билль
    • Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт
    • Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт

    2005 жылы QAZKOM БҰҰ Ғаламдық шартына қосылған қазақстандық бизнестің бірінші өкілі болды. Банктің мақсаттары мен саясаты БҰҰ ҒШ қағидаларын қолдауға бағытталған және іздің стратегиялық құжаттарымызға енгізілген: Стратегия, Іскерлік этика кодексі және Корпоративтік басқару кодексі. Сіз бұл құжаттармен Банктің Корпоративтік құжаттар парақшасынан таныса аласыз.

    Біз сонымен қатар келесідей іргелі халықаралық құжаттардың қағидаларын қолдаймыз және жүзеге асырамыз:

    Біз ХЕҰ 1998 жылғы Декларациясында бекітілген еңбек саласындағы негіз қалаушы қағидаларды сақтау жөніндегі өзіміздің міндеттемелерімізді толық көлемде түсінеміз және орындаймыз

    • Бірігу бостандығы және ұжымдық келіссөздер жүргізуге құқық
    • Еңбек қатынастарында кемсітушілікке тыйым салу
    • Мәжбүрлі еңбекті жою
    • Бала еңбегіне тыйым салу

    Біздің стратегиялық құжаттарымызда келесі әлеуметтік міндеттер белгіленген:

    • Адам құқықтарын қорау (еңбекке, бірігуге, ұжымдық келіссөздерге құқықтар, мәжбүрлі еңбектен, кемсітушіліктен қорғаныс және т.б.)
    • Кедейлікке қарсы, еңбек етушілердің өмірлік деңгейін жақсарту үшін, әлеуметтік қамсыздандыруды дамыту үшін күрес
    • Кәсіптік даярлауға және қайта даярлауға жәрдемдесу
    • Еңбектің және өндірістік ортаның, қауіпсіздік техникасының шарттарын жақсарту саласындағы бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру
    • Еңбек етушілердің ең осал топтарын (әйелдерді, мүгедектігі бар адамдарды, қария кісілерді) қорғау жөніндегі шараларды әзірлеу және жүзеге асыру

    Біздің корпоративтік басқару жүйеміз Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасын, банктің ішкі нормативтік құжаттарын, сонымен қатар еңбек және ұжымдық шарттардың нормалары мен ережелерін қатал сақтауға бағытталған.