arrows triangle online kiosk-new kiosk36-24 house-bank business bank notes radar calendar box credit-card atm36-24 atm36-24 key note briefcase-tick envelope-alt checkmark dots calculator graph home-bank location mag-alt mag cross menu phone question-mark facebook instagram linkedin twitter vkontakte youtube yvision download envelope print save share zoom arrow-left-thinnest arrow-right-thinnest arrow-left-thin arrow-right-thin arrow-left-mid arrow-up-mid arrow-down-mid arrow-right-mid arrow-left-bold arrow-up-bold arrow-down-bold arrow-right-bold external-link plus minus

Қайырымдылық

Толығырақ

  • ҚР-дағы ана және сәби өлімін азайтуды қолдау

    Біздің банктік өнімдеріміздің бірі – бұл «Періште-сақтаушы» Visa арнайы қайырымдылық төлем картасы. Клиенттер мұндай картамен қаншалықты жиі төлемдер жүзеге асырса, соншалықты қайырымдар шала туылған сәбилердің өмірін сақтау үшін «Құс жолы» қорына жұмсалады. Бұл қаражатқа QAZKOM қосымша қайырымдылық жарна ретінде тағы үштен екісін қосады.

    2008 жылдан бері біз 15 000 астам төлем карталарын шығардық, олардың 8 000 қазір айналымда. Сәбилердің өмірін құтқару үшін заманауи реанимациялық жабдық елдің түрлі өңірлерінде 5 босандыру бөлімшелерінде жалпы сомасы 142,6 млн теңгеге орнатылды.

  • Жедел операцияны және емдеуді қажет ететін балаларды қолдау

    Жиналған қаражаттардың көп бөлігі біздің әріптесіміз – «Мейірімділік» ерікті қоғамына «Балаларға өмір сыйла» жобасының аясында жолданады. Қаржылық көмекті Қазақстанда жүзеге асыруға мүмкін емес жедел операцияларды қажет ететін, ал ата-аналарында шетелде оқу үшін қаражаты жоқ балалар алады.

  • Физикалық мүмкіндіктері шектеулі кәсіпкерлерді қолдау

    Мүгедектердің әлеуметтік бейімделу мәселесі – «Құс жолы» қоры мен QAZKOM ұзақ мерзімді міндеттерінің бірі. 2006 жылдан бастап мүгедектігі бар адамдардың арасында кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға бағытталған «Жұлдыздарға қара» жобасы жұмыс істейді.

    Тегін гранттарды беру есебінен біз мүгедектігі бар адамдардың материалды тәуелсіз болуға және өзін мамандығы мен қоғамда сәтті іске асыруға ұмтылысын қолдаймыз.

    2012 жылдан бастап жоба «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен әріптестікте жүргізіледі. Грант алу мүмкіндігіне қосымша жобаның кез келген қатысушысы «Даму» қорының өңірлік филиалдарында бизнесті жүргізу дағдыларын тегін оқудан өте алады.

  • Жергілікті қоғамдастықты қолдау

    QAZKOM өзінің қызметін Қазақстанның барлық өңірлерінде, ірі қалаларда және облыс орталықтарында жүргізеді. Банктің бұл өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы қызығушылығы оның экономикалық қана емес, сонымен қатар қоғамдық өміріне қатысуды білдіреді. Осы мақсатта біз балалардың, жастардың физикалық дамуы мен бос уақытын өткізу үшін қалалық ортаны жайластыруға бағытталған «Менің қалам үшін» жобасын іске қостық. Жоба жергілікті билік органдарымен бірге жүзеге асырылады

    Әлеуметтік және еріктілік бастамалары

    QAZKOM қайырымдылық және еріктілік жобалары білім беруді және адамгершілік бағдарларды қолдауға, мүгедек-балалардың денсаулығын оңалту және нығайтуға, сонымен қатар қоғамды, рухтандырушылықты және мәдениетті дамытуға бағытталған.

  • Жобаның аясында «Құс жолы» қоры және QAZKOM өздерінің ҰОС арлагерлері-клиенттерін жыл сайын жекелей құттықтап, олардың шоттарына ақшалай сыйақыларды аударады.

  • «Құс жолы» қорының еріктілері интернаттардың, балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін, БМС сырқаты бар және қимыл-тірек аппараты бұзылған балалар үшін мерекелерді және сыйлықтарды сатып алуды ұйымдастырады.

  • Жаңа жылды тойлау қарсаңында банктің қызметкерлері ұзақ уақыт емделуден өтуге мәжбүр балалардың жазылуы тез үшін мамандандырылған балалар медициналық мекемелеріне медициналық жабдықты береді.

  • Жыл сайын «Құс жолы» қорының және республикалық қан орталығының қолдауымен банк кеңселерінде Донор күні өткізіледі.