arrows triangle online kiosk-new kiosk36-24 house-bank business bank notes radar calendar box credit-card atm36-24 atm36-24 key note briefcase-tick envelope-alt checkmark dots calculator graph home-bank location mag-alt mag cross menu phone question-mark facebook instagram linkedin twitter vkontakte youtube yvision download envelope print save share zoom arrow-left-thinnest arrow-right-thinnest arrow-left-thin arrow-right-thin arrow-left-mid arrow-up-mid arrow-down-mid arrow-right-mid arrow-left-bold arrow-up-bold arrow-down-bold arrow-right-bold external-link plus minus

Қоғам

Демеушілік жобалары

  • QAZKOM мен Қастеев атындағы МӨМ әріптестігі банк мұражайдың жинақтамасынан қазақстандық сурет өнері классиктерінің белгілі суреттерінің фрагменттерімен – жаңа дизайнмен төлем карталарының топтамасын ұсынған кезде, 2005 жылы басталды.

    Банктің қолдауымен мұражайдың залдарында мамандандырылған дыбыс жабдығы, сондай-ақ электр қуатының апаттық көзі орнатылды. QAZKOM мұражайдың түрлі мәдени және көрмелік бастамаларын бірнеше рет қолдады.

  • 2008 жылы QAZKOM мен Абай атындағы МАОБТ банктің демеушілік көмек көрсету туралы екі жақты Келісімге қол қойды. Банк театрдың бас әріптесі атанды және сол кезден бастап біз жаңа қойылымдарға қаржылық көмек көрсетеміз («Лючия ди Ламмермур», «Любовный напиток», «Абай» опералары, «Спящая красавица» балеті және басқалары).

    QAZKOM сонымен қатар опералық және балет өнерінің төрт жыл сайынғы халықаралық фестивальдарының ұйымдастырушысы болды. Біздің қолдауымызбен театрдың жас әртістерінің қатысуымен «Жаңа есімдер» дәстүрлі концерттері бірнеше рет өткізілді.

  • 2014 жылы QAZKOM ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ашылған Ұлттық галереяның әріптесі атанып, Астанадағы мәдени жобаны қолдауға шешім қабылдады. Банк пен «Құс жолы» корпоративтік қоры заманауи өнер залының реставрациялауын 3,5 млн. теңгеден артық сомаға қаржыландырды.

  • QAZKOM «Алтын қалам» әдеби жүлдесін оның 2012 жылы негізі қаланғаннан бері қолдайды. Бұл әдеби жүлде отандық әдебиеттің дамуына септігін тигізеді және жаңа жас әлеуетті авторларға өздерінің оқырмандарын табуға көмектеседі.

    Қазіргі уақытта қазақ тіліндегі кітаптар кітап дүкендеріндегі атаулардың жалпы санынан 10%-дан аспайды; сұрыптамада балалар мен жасөспірімдер үшін қолжетімді қазақ тілді басылымдар жоқ. «Алтын қалам» жүлдесінің басты міндеттерінің бірі қазақ тілді авторларды қолдау болды және келіп түскен жұмыстардың көпшілігі дәл осы қазақ тілінде жазылды.