arrows triangle online kiosk-new kiosk36-24 house-bank business bank notes radar calendar box credit-card atm36-24 atm36-24 key note briefcase-tick envelope-alt checkmark dots calculator graph home-bank location mag-alt mag cross menu phone question-mark facebook instagram linkedin twitter vkontakte youtube yvision download envelope print save share zoom arrow-left-thinnest arrow-right-thinnest arrow-left-thin arrow-right-thin arrow-left-mid arrow-up-mid arrow-down-mid arrow-right-mid arrow-left-bold arrow-up-bold arrow-down-bold arrow-right-bold external-link plus minus

Мемлекеттік бағдарламаларға қатысу

  • "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының мақсаты шағын және орта бизнесті қолдау туралы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

    2014 жылы QAZKOM Қор бағдарламаларын іске асыру үшін мақсатты депозиттің бөлігін алған 13 қазақстандық банктердің бірі болды және өңдеуші өнеркәсіпте шағын және орта бизнестің компанияларын қаржыландыру үшін 26 млрд. теңге алды.

    "Даму" Қоры бағдарламаларының мүмкіндіктері туралы толығырақ

  • QAZKOM сонымен қатар "Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасы бойынша шағын және орта бизнесті қаржыландыруды жүзеге асырады. Инвестициялық жобаларды іске асыратын немесе экономиканың басым секторларында жұмыс істейтін өкілдер оның қатысушылары болуы мүмкін.
    Бағдарламаның мақсаттары

    • Жаңа бизнес бастамаларын қолдау
    • Несиелерді өтеу және/немесе салықтарды төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындау ауырға тиетін кәсіпкерлерге қолдау көрсету
    • Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету

    Бағдарлама туралы толығырақ

  • Қазақстанның Даму Банкімен (ҚДБ) іске қосылған бағдарламаның мақсаты маңызды әлеуметтік-экономикалық әсері бар экономиканың басым секторларының жобаларын қолдау болып табылады. Бағдарлама жеке компаниялардың салыстырмалы «ұзын» (5 жылға дейін) және «арзан» қарыздарына теңгедегі қолжетімділікті кеңейтеді. Бір қарыз алушыға несие сомасы 500 млн. теңгеден 4,5 млрд. теңгеге дейінгі мөлшерде, сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 11,5% артық емес.

    Бағдарлама аясында ҚДБ экономиканың басым секторларындағы жобаларды қаржыландыруға QAZKOM-ға 2 млрд. теңгені бөлді.

    2014 жылы Алматы қаласының жанындағы Бәйтерек кентінде бағдарлама аясында ҚДБ мен QAZKOM қаражатының есебінен салынған асфальтбетонды зауыт іске қосылды. Жаңа өндірістік желіні сатып алу үшін «Алматы жол-құрылыс компаниясы» ЖШС (АЖҚК) 625 млн. теңге сомасына несие қаражатын алды, олардың 500 млн теңгесі ҚДБ қаражаты, 125 млн. теңгесі – QAZKOM жеке қаражаты. Зауыттың құрылысы 20 жұмыс орнын ашуға және Алматы облысының жол-құрылыс компанияларының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.