arrows triangle online kiosk-new kiosk36-24 house-bank business bank notes radar calendar box credit-card atm36-24 atm36-24 key note briefcase-tick envelope-alt checkmark dots calculator graph home-bank location mag-alt mag cross menu phone question-mark facebook instagram linkedin twitter vkontakte youtube yvision download envelope print save share zoom arrow-left-thinnest arrow-right-thinnest arrow-left-thin arrow-right-thin arrow-left-mid arrow-up-mid arrow-down-mid arrow-right-mid arrow-left-bold arrow-up-bold arrow-down-bold arrow-right-bold external-link plus minus
  • 01.2018 №3 (157)

    Жыл оқиғасы — QAZKOM және Halyk интеграциясы

    Құрметті оқырмандар!

    Жыл соңында өткенді қорытындылау, бағалау және болашаққа жоспар құру – жанымызға жағатын жақсы үрдіс. Анығында, қаржыгердің көзқарасы бойынша 2017 жыл банк нарығындағы қажырлы-қуатты күшті орын-орнына қойған, қаржы секторының тағдыр-талайын бірнеше жылға алдын-ала болжап, айқындаған сан қырлы жағдайға толы, «тектоникалық» ауқымдағы оқиғалармен ерекшеленетін жыл ретінде есімізде қалатыны анық. Әрине, мен мұны тектен-текке айтып отырғаным жоқ, осынау өзгерістердің бәрі QAZKOM-ға қатысы болғаннан соң тілге тиек етіп отырмын. Әйтсе де, мемлекеттің жан-жақты, өлшеусіз қолдауы арқасында және Halyk Bank келбетіндегі жаңа, сенімді акционер арқасында біз барлық сынақтан аман-есен өттік, өзіміздің коммерциялық «рельсімізге» жылдам қайта оралып, уысымыздан шығарып алғанымызды шұғыл қалпына келтіріп, табыстың табалдырығынан аттап та үлгердік.

    Алдағы жыл бойы бізді бас банкпен интеграциялану бағытындағы шаруалар күтіп тұр. Halyk Bank-тегі әріптестерімізбен бірге жаңа, біріккен банкке ең үздік өнімдерді, сервисті, технологиялар мен әдіс-тәсілдерді таңдап, іріктеп  аламыз. Барынша тиімді және өмір сүруге қабілетті компоненттерді іріктеп алудың эволюциялық принциптері – бізге Қазақстанда ең үлкен, ең сенімді заманауи банк құруға мүмкіндік береді. Бұл біздің активі жөнінен ТМД аумағындағы бірден бір бәсекеге қауқарлы ең ірі жеке банк ретінде танылуымызға жол ашады.

    Осы жерде ескере кететіні, еліміздегі ең үлкен банктің басында болып жатқан өзгерістер айналып келгенде, өз клиенттеріміздің тіршілігін қолайлы әрі жеңілдетуге арналғанын айтпай өтуге болмайды.

    Ал QAZKOM брендіне келер болсақ: ол біріккен банктің өнімдері мен қызмет көрсету саласында өз тіршілігін одан әрі жалғастырады. Осыған сәйкес, біздің болашақтағы біріккен толағай табысымызда QAZKOM-ның қосқан үлесі  50%-дан кем болмайтынына кепілдік береміз. Өйткені біз өз командамыздың кәсіби біліктілігіне және банктің технологиялық, ноу-хау саласындағы бай тәжірибесіне сенгендіктен осынау жауапкершілік туралы сескенбей батыл айтып отырғанымыздың гәбі осында.

    Басқарма төрағасы,
    Ульф Вокурка

    PDF-те қарау