arrows triangle online kiosk-new kiosk36-24 house-bank business bank notes radar calendar box credit-card atm36-24 atm36-24 key note briefcase-tick envelope-alt checkmark dots calculator graph home-bank location mag-alt mag cross menu phone question-mark facebook instagram linkedin twitter vkontakte youtube yvision download envelope print save share zoom arrow-left-thinnest arrow-right-thinnest arrow-left-thin arrow-right-thin arrow-left-mid arrow-up-mid arrow-down-mid arrow-right-mid arrow-left-bold arrow-up-bold arrow-down-bold arrow-right-bold external-link plus minus
    2017
  • 31.07.2017

    S&P және Moody’s Halyk Group тобына қосылған соң және капиталдандырылған соң QAZKOM–ның рейтингілерін көтерді. S&P QAZKOM–ның ұзақмерзімді кредиттік рейтингісін «B–»-тан «В+»-қа дейін көтерді, ал қысқамерзімді кредиттік рейтингісі «В» дәрежесінде расталып, ұлттық меже бойынша рейтингісі «kzB+»-тан «kzBBB-»-қа дейін көтерілді. Moody’s агенттігі QAZKOM–ның кредиттік рейтингісін «Caa2»-ден «B1» дейін, ал депозиттік - «B3»-тен «Ba2» дейін көтерді.

  • 12.07.2017

     «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ QAZKOM–ның негізгі акционері ретінде өзінің артықшылықты сатып алу құқығын жүзеге асыра отырып, өзіне тиесілі Қазкоммерцбанктің жай акцияларының 96,81% үлесіне пропорционалды болатын QAZKOM–ның жай акцияларының 1 296 698 676 данасын сатып алды. Осылайша Халық Банк сатып алған акциялардың төлемін жүргізе отырып, QAZKOM-ға 185 млрд теңге көлемінде қаржы құйды. QAZKOM капиталдың жеткілікті коэффиценті бойынша ҚРҰБ барлық нормативтерін орындауда. 

  • 10.07.2017

    «Қазақстанның Халық банкі» АҚ және QAZKOM банкоматтық желілерді біріктіру үдерісін бастады: 10-шілдеден бастап Halyk және QAZKOM-ның клиенттері үшін банкоматтан қолма-қол ақша алу кезіндегі қосымша комиссиялардың алынуы тоқтатылды. Halyk және QAZKOM клиенттері үшін біріктірілген банкоматтар желісінде екі банктің кез келген банкоматынан қолма-қол ақша алуда еш айырмашылық жоқ. 2017 жылғы 1 маусымға Халық Банктің банкоматтар желісі 2367 құрылғыны, ал QAZKOM-ның банкоматтар желісі 2292 құрылғыны құраған. 

  • 05.07.2017

    «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ К.Х.Рақышев мырзаға және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-на тиесілі QAZKOM-ның акциялар пакетін сатып алып,  QAZKOM жай акцияларының 96,81%-ның ұстаушысы болды.

  • 03.07.2017

    QAZKOM акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы негізгі активі Лондон Қор Биржасында банкпен шығарылған жай акциялар болып табылатын Банктің Жаһандық депозитарлық қолхаттардың листингісін тоқтату және ерікті делистингпен байланысты қажетті іс-шараларды жүргізу туралы шешім қабылдады. 

  • 03.07.2017

    БТА Банк QAZKOM-ның алдындағы 2,4 трлн теңге сомасында қарызын өтеді. Қарыздың 64,8 млрд теңге көлеміндегі қалдығын QAZKOM қалыптастырылған провизия есебінен шығарып тастады. Аталған қаражатты QAZKOM келесі мақсаттарға бағыттады: ҚРҰБ алдындағы 625 млрд теңге сомасындағы міндеттемелерін өтеді, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қазынашылық бағалы қағаздарын сатып алды (1 трлн теңге),  бағалы қағаздар жөнінде РЕПО операциялары бойынша өз міндеттемелерін өтеді (202 млрд теңге). Ал 570 млрд теңгеге жуық көлемдегі өтімділіктің қалдығы Қазкоммерцбанкке өз міндеттемелерін бұрынғы тәртіп бойынша орындауға, операциялық қызметін жалғастыруға, сондай-ақ экономиканы, шағын және орта бизнесті, бөлшек сауда клиенттерін кредиттеу үдерісін қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

  • 23.06.2017

    QAZKOM-ның ірі акционері К.Х.Рақышев мырза «Qazaq Financial Group» АҚ-нан, Н.С.Субханбердин мырзадан және «Орталық Азиялық инвестициялық компаниясы» АҚ-нан QAZKOM-ның жай акцияларын сатып алды. Нәтижесінде К.Х.Рақышев мырзаның QAZKOM-дағы үлесі 43,23%-дан 86,09%-ға дейін өсті. «Qazaq Financial Group» АҚ-ы, Н.С.Субханбердин мырза және «Орталық Азиялық инвестициялық компаниясы» АҚ-ы Банктің акционерлер құрамынан толығымен шықты.

  • 15.06.2017

    QAZKOM-ның ірі акционерлері – К.Х.Рақышев мырза мен «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ» АҚ-ы әрқайсысы «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ-мен сату-сатып алу келісімшартына қол қойды. Осы келісімшарттардың шартына сәйкес К.Х.Рақышев мырза мен Самұрық-Қазына өздеріне тиесілі QAZKOM акцияларының әр пакетін Халық Банкіге 1 теңгеден сататын болады. Мәміле аяқталған соң «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ-ы 96,8% үлесімен QAZKOM-ның негізгі акционері атанады.

  • 13.06.2017

    QAZKOM өзінің қаражаты есебінен 2007 жылғы маусымда шығарылған бастапқы орналастыруы 250 млн АҚШ доллары сомасына реттелген еурооблигацияларды өтеді.

  • 05.06.2017

    QAZKOM өзінің «Казкоммерцбанк-Тәжікстан» ЖАҚ еншілес банкін Faster халықаралық ақша аударымның жүйесіне қосты. Бүгінгі күні «Золотая Корона» және Intel Express ақша аударым жүйелерімен серіктес Faster аударым жүйесінде 49 мыңнан артық қызмет көрсететін пункт бар және оның қызмет көрсету аясы 37 жақын және алыс шетелдерді қамтиды.

  • 02.06.2017

    QAZKOM ҚР Үкіметімен, ҚР Ұлттық банкпен, «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ» АҚ, «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ, «Халық Банкі» АҚ, «БТА Банк» АҚ және К.Рақышев мырзамен шекті Келісімге қол қойды. Келісім QAZKOM акциялардың басқару пакетін сату бойынша мәміленің тәртібін бекітті. Нақтырақ айтқанда, Келісім Проблемалық кредиттер қорымен БТА Банктің жекелеген активі мен талап ету құқығын сатып алуы, сондай-ақ БТА Банктің QAZKOM алдындағы 2,4 трлн теңге шамасында ссудалық берешегін өтеуі және Халық Банктің QAZKOM-ға қосымша капитал құюмен Рақышев мырза мен Самұрық-Қазына қорына тиесілі акцияларды сатып алуды қарастырады.

  • 03.05.2017

    Assist компаниялар тобы QAZKOM-мен техникалық бірігуді аяқтады. Енді, Қазақстанның аймағында онлайн-төлемдерді қабылдағысы келетін электрондық коммерцияның кәсіпорындары Assist-тің сервистері мен төлем шешімдерін пайдалана алады.

  • 24.04.2017

    QAZKOM халықаралық «Global Banking & Finance Review Awards – 2016» байқауында бірден «Қазақстанның үздік корпоративті банкі - 2016» және «Қазақстанның үздік интернет-банкі-2016» атты екі номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

  • 02.03.2017

    QAZKOM «Халық Банкі» АҚ-мен ҚКБ акцияларының басқару пакетін сатып алу жөнінде міндетті күшке ие емес өзара түсіністік Меморандумына қол қойды. Меморандумға өзге де тараптар ретінде Қазақстан Республикасының Үкіметі, ҚР Ұлттық Банкі, «Халық Банк» АҚ, «БТА Банк» АҚ және QAZKOM-ның ірі акционері Кеңес Рақышев мырза қол қойды.

  • 13.02.2017

    QAZKOM 2007 жылғы ақпанда шығарылған қамтамасыз етілмеген 400 млн еуроға жуық еурооблигацияларды өтеді. Оның алғашқы шығарылым сомасы 750 млн еуроны құраған, кейін оның сомасы өтімділікті тиімді басқару мақсатында құнды қағаздарды жоспарлы түрде сатып алудың нәтижесінде төмендетілді.

  • 01.02.2017

    QAZKOM Даму қорының бес жаңа арнайы бағдарламалардың негізгі операторы ретінде Астана мен Алматының шағын және орта кәсіпкерлеріне несие бере бастады. Бұл бағдарламаларды іс-жүзіне асыру үшін Даму қорымен бөлінген 5 млрд теңгенің 3,7 млрд теңгеге жуығы QAZKOM клиенттеріне берілетін болады. Бұл қаражат банкке 7 жылдық мерзімге ақылы әрі қайтарылмалы түрде берілді. Аталған бағдарламалардың ерекшелігі бизнестің жаңа бағыттары - «стартаптар», инновациялық, ғылыми және технологиялық шешімдер, сондай-ақ ірі мегаполистер үшін маңызды болып табылатын жобалар - өңдеу және тамақ өнеркәсібі, сервис және инфрақұрылым салалары қаржыландырылады.

  • 31.01.2017

    QAZKOM «Даму» қорымен өткізілген кепілдендіру бағдарламаларын ұсынатын қатысушы банктердің «Табыс кепілдендірілген» байқауы аясында, 2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда кепілі бар жобалардың санын үш есе асырғаны үшін «Жыл үздігі» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Тек соңғы 3 ай ішінде банк соңғы 3 жылмен салыстырғанда ШОБ кәсіпорындарына көп кепілдік берді.

  • 25.01.2017

    Қазкоммерцбанк ашық банк концепциясының аясында «Қазпошта» АҚ-мен біріктірілген жобаны іске қосты. Енді, QAZKOM-ның клиенттері Қазпоштаның 2688 аймақтық бөлімшелері арқылы «Еркіндік», «Үздік», «Зейнеткерлік» (теңгемен) депозиттерді ашуға және ағымдағы, карталық, депозиттік шоттарын толықтыра алады.

  • 20.01.2017

    Қазкоммерцбанк және Кеңес Рақышев ҚКБ мен Халық Банкі арасында әлеуетті мәміле жөнінде «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ-мен («Халық Банкі») алдын ала келіссөздерді жүргізе бастады.

  • 11.01.2017

    Қазақстанда қыстық Универсиаданың қарсаңында QAZKOM жапондық JCB төлем карталарына қызмет көрсете бастады. JCB-ның QAZKOM-ның эквайрингтік жүйесіне қосылуы банк үшін жаңа мүмкіндіктерді ашуға, ал JCB компаниясы үшін оның карталарын ұстайтын 95,6 млн клиентіне Қазақстанда төлем жүргізгенде картаны пайдалануға мүмкіндік береді. Әлемнің 21 елінде шығарылған барлық JCB-карталары енді Discover Global Network арқылы Қазақстан аймағындағы QAZKOM-ның желісінде қабылданатын болады.

  • 2016
  • 29.11.2016

    QAZKOM 2006 жылғы қарашада шығарылған, бастапқы орналастыруы 500 миллион АҚШ доллары сомасын құраған, қамтамасыз етілмеген үлкен еурооблигацияларды өтегені туралы хабарлайды. Қаражат қосымша қор тартпастан Банктің жеке өтімділіктің есебінен төленді.

  • 22.11.2016

    Халықаралық BNE IntelliNews іскерлік журналы 2016 жылғы алғашқы алты айдың нәтижесі бойынша QAZKOM-ды «Қазақстанның ең тиімді банкісі» деп атады. BNE IntelliNews сарапшыларының есебіне сәйкес Qazkom ағымдағы жылдың жартыжылдық нәтижесі бойынша жеке капиталының (ROE) үздік тиімділік көрсеткіштерін – елдің ірі банктердің арасында (ROE) 27,11%-ды көрсетті.

  • 21.10.2016

    Қазкоммерцбанк өзінің 25 жылдық күнінде қалың жұртшылыққа QAZKOM жаңартылған бөлшек сауда белгісін ұсынды. Банктің атауы ертеде үш тілде: қазақша – Қазком, орысша-Казком және ағылшынша – Kazkom деп аталып, жазылатын, енді олар QAZKOM деп қазақ тіліне тән дыбыстардың айтылуының бар байлығын жеткізе алатын бірыңғай латын әліпбиіне көшті. Сондай-ақ банк халыққа QAZKOM атауымен клиенттерге сапалы және қарапайым қызмет көрсетудің үлгісі болатын жаңа банк бөлімшесін ұсынды.

  • 20.10.2016

    Standard&Poor’s агенттігі Қазкоммерцбанктің ұзақмерзімді кредиттік рейтингісін банк перспективасының жақсаруына байланысты «В–»-тан «ССС+» дейін көтерді. Ұлттық меже бойынша рейтинг «kzB-»-тан «kzB+» дейін көтерілді. Банктің қысқамерзімді рейтингісі «С» дәрежесінде. Рейтингтің көтерілуі капиталдану көрсеткіштерінің жақсаруына байланысты болды, оған 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында таза пайданың жағымды мәні оң әсер етті.

  • 15.09.2016

    Қазкоммерцбанк және Diners Club Қазақстанда франшизаны іске қосты. Қазкоммерцбанк - Қазақстанда Diners Club карталарының және Discover Global Network жаһандық жүйесі шығарған барлық карталарға, сондай-ақ Discover Network, Diners Club және PULSE карталарының бірегей эквайері. Сонымен қатар Қазақстан аймағында Diners Club-тың эксклюзивті эмитенті болып, 2016 жылы карталарды шығара бастады.

  • 25.07.2016

    Қазкоммерцбанк Diebold компаниясымен бірігіп, қолма-қол ақшаны өзі қабылдап, өзі беретін QAZKOMның банкоматтық жүйесінде қолма-қол ақшаның жабық циклін қамтамасыз ететін Қазақстанда алғашқы банкоматтарды орната бастады.

  • 06.06.2016

    Қазкоммерцбанк жарияланған стратегиясының аясында өз клиенттері үшін инновациялық қызметтің аясын кеңейту үшін Қазақстанда алғашқы электрондық банктік кепілдемені шығарды. Аталған сервис клиенттерге банк бөлімшелері арқылы және Onlinebank.kz – заңды тұлғаларға қашықтықтан банктік қызмет көрсету жүйесі арқылы қолжетімді.

  • 03.06.2016

    Казкоммерцбанктің корпоративті басылымы - КазкоммерцNews – Халықаралық ХII PR-форумның аясында өткен IХ Орталық-Азиялық корпоративті БАҚ байқауының қорытындысы бойынша үздік клиенттік журнал болып танылды.

  • 19.05.2016

    Қазкоммерцбанктің негізгі акционері және Директорлар кеңесінің төрағасы Кеңес Рақышев банктің жаңарған стратегиясын ұсынды. Стратегияның басты мақсаты клиенттік сервистің үлгісіне масштабты реформа жасауға, яғни барынша оңай, ыңғайлы, әрі жылдам қызметті ұсыну арқылы клиенттің көңілінен шығуға бағытталған. Сондай-ақ стратегия негізгі бизнестің өтімділігін арттыруға және басты назарды корпоративтік сектордан шағын, орта бизнес кәсіпкерлері мен жеке клиенттерге қызмет көрсетуге бағыттауды көздеп отыр.

  • 16.05.2016

    Қазкоммерцбанк өзінің жеке банкоматтар жүйесі арқылы ақша аударым қызметін іске қосты. Енді банк клиенттері өздерінің карталық шоты арқылы картасы жоқ кез келген жеке тұлғаға ақша аудара алады.

  • 21.04.2016

    Қазкоммерцбанк және Қазпошта күндіз-түні жұмыс істейтін өзіне-өзі қызмет көрсету алаңы бар Қазкоммерцбанктің бөлімшелерінде Қазпоштаның постаматтарын орнату бойынша бірлескен жобаны іс-жүзіне асыру жайында келісімге келді.

  • 05.02.2016

    Visa және Қазкоммерцбанк Қазақстанда алғаш рет Android-смартфондардың көмегімен контактісіз төлем сервисін іске қосты. Бұл жоба арнайы мобильдік қосымша арқылы төлем картаның (немесе бірнеше картаның) сандық көшірмесін әзірлеуге және контактісіз төлемдерді орындау үшін смартфонның NFC-антеннасын қолдануға мүмкіндік беретін Host Card Emulation (HCE) технологиясына негізделген.

  • 05.02.2016

    Қазкоммерцбанк және Visa Қазақстанда банктік сервистердің саласында технологиялық жобаларға арналған алғашқы хакатонды ұйымдастырды. Хакатонға тәуелсіз бағдарламашылар мен кәсіби жоғарғы оқу орындарының студенттері қатысты. Байқауда автонесиелеу мен автоматтық скорингті өткізу үшін iBeacon технологиясын қолдануды ұсынған HackTeam командасы жеңіп алды. Жеңімпаздарға АҚШ-та Google, Facebook, Twitter кеңселерімен танысу, сондай-ақ Stanford University мен University of California-ға саяхат жасау сыйға тартылды.

  • 26.01.2016

    Қазақстан-британ сауда-өнеркәсіптік палатасы Қазкоммерцбанкке БТА Банкпен бірігу жұмысын сәтті өткізгені үшін «ТМД нарығында үздік М&A мәмілесі және нарықтағы көшбасшы банктердің үздік интеграциясы» марапатын сыйлады.

  • 2015
  • 11.2015

    Қараша айында QAZKOM Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесінің эксклюзивті серіктес банкі болды. QAZKOM эквайрингтік инфрақұрылым құрып, көрме аумағынан есеп айырысу-касса бөлімшесін ашады, сонымен қатар бірлескен банк өнімдерін шығарады.

  • 10.2015

    Қазан айында QAZKOM Apple компаниясының смартфондары көмегімен арнайы ApplePay қолданбасы арқылы жүргізілетін меншікті POS-терминалдар желісі арқылы түйіспесіз төлемдерге қызмет көрсете бастады.

  • 09.2015

    Қыркүйек айында Homebank.kz интернет-банкингінің жаңартылған версиясы іске қосылды, тіркелген пайдаланушылар саны 600 мыңға жетті.

    QAZKOM тұратын жерді онлайн-брондаудың әлемдік сервисін жүргізетін Booking.com компаниясының қазақстандық эксклюзивті серіктесі болды.

  • 06.2015

    Маусым айында QAZKOM және БТА активтермен алмасу үдерісін аяқтады. БТА Банкі банк қызметін жүзеге асыратын лицензиясын тапсырды. Банктер бірігетіні туралы жариялады, осылайша, Қазақстан тарихында екі қаржы институтын біріктіру жөнінде теңдессіз мәміле жүзеге асырылды. QAZKOM еліміздегі ірі банкке айналды.

  • 03.2015

    Кеңес Рақышев QAZKOM-ның ірі акционері болды.

    31 наурызда QAZKOM -ның директорлар Кеңесі директорлар Кеңесі мен Басқарманың жаңа басшыларын сайлау туралы шешім қабылдады.

    QAZKOM және UnionPay International стратегиялық серіктестік деңгейіне шықты. QAZKOM-ның банкомат жүйелері мен POS-терминалдарында қытайлық төлем жүйелерінің карталарына қызмет көрсету басталды.

  • 2014
  • 12.2014

    Желтоқсанға қарай QAZKOM-ның Android-ұа арналған Homebank.kz интернет-банкингінің мобилді қолданбасын өз смартфондарына 100 мыңнан аса пайдаланушы орнатты. Тұтастай алғанда жыл аяғында сервистің жарты миллион пайдаланушысы тіркелді.

  • 05.2014

    Мамыр айында директорлар Кеңесінің төрағасы және QAZKOM -ның ірі акционері Нұржан Сұбханбердин Еуропа Қайта құру және даму банкіне орналастырылған 9.77% көлеміндегі жай акциялар пакетін сатып алды.

    Homebank.kz порталының тіркелген пайдаланушылары саны 500 мыңға жетті.

    QAZKOM UnionPay International халықаралық төлем жүйесінің қағидатты мүшесі статусына ие болды.

    Банк алғаш рет аймақта MasterCard халықаралық төлем жүйесімен бірлесіп, ұялы телефондар көмегімен түйіспесіз төлемдерді іске қосып, жылдам түйіспесіз төлемдерге арналған жапсырма-карталарды шығара бастады.

  • 02.2014

    2014 жыл. Ақпанда QAZKOM консорциумы мен Кеңес Рақышев БТА Банкін сатып алу жөнінде түпкілікті келісімге қол жеткізіп, аймақта ірі әмбебап банк құрды және екі банктің ықпалдасу үдерісін бастады.

  • 2013
  • 08.2013

    2013 жылғы тамызда QAZKOM кәсіпкерлердің төлемге miniPOS мобилді POS-терминал төлем карталарын қабылдауы үшін озық әрі үнемді шешімді ұсынды.

  • 07.2013

    Сол жылдың шілде айында QAZKOM тиісінше payWave және PayPass түйіспесіз төлем функциясымен жабдықталған Visa Gold және MasterCard Gold төлем карталарын жаппай шығара бастады.

  • 06.2013

    2013 жылы маусым айында QAZKOM және Visa Қазақстанда түйіспесіз төлем жасау технологиясымен жабдықталған алғашқы payWave карталарын шығара бастағанын жариялады.

  • 05.2013

    2013 жылғы мамырда QAZKOM жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға арнап ұялы телефондар көмегімен есепшоттар мен операцияларға қатынай алатын, Mobilebank қызметін іске қосты.

  • 01.2013

    2013 жылдың басында Банк карточкалық төлем жүйелерінің қауіпсіздігі аудитін табысты аяқтап, өзінің Visa Inc., MasterCard, American Express халықаралық төлем жүйелерінде қабылданған PCI DSS v.2.0. ақпараттық қауіпсіздік стандартына сәйкестігін растады.

  • 2012
  • 11.2012

    2012 жылдан бастап Go!Card несие карталары MasterCard PayPass түйіспесіз төлем технологияларымен жабдықтала бастады.

    Visa Банктің төлем карталарын шетелде пайдалануда ең сенімді карта ретінде атап көрсетті. QAZKOM «Global Service Quality Highest International Approval Rate» кубогімен марапатталды, ол ең үздік сервис ұсынатын және шетелде Visa төлем карталарымен операцияларды жүргізгенде істен шығулар саны барынша аз болатын банктерге тағайындалады.

  • 05.2012

    2012 жылы Қазақстан Қазкоммерцбанк American Express Rewards Card дебеттік төлем карталарын айналымға шығарған алғашқы елдің бірі болды.

    QAZKOM-ның корпоративтік басылымы VIII Халықаралық PR-форум аясында жүргізілген корпоративтік V Байқаудың нәтижесі бойынша Қазақстанда 2012 жылдың ең үздік корпоративтік газеті болып танылды.

  • 2011
  • 12.2011

    Түйіспесіз төлем картасын жаппай айналымға ендірудің пилоттық тобы құрылып, NFC технологиясын пайдаланып, смартфонның көмегімен алғашқы төлем жүргізілді.

    2011 жылдың аяғында QAZKOM Android-қа және iOS-қа арналған Homebank.kz мобилді қолданбасын іске қосты.

  • 10.2011

    2011 жылдың қазан айында Банк 20 жылдығын атап өтті. 20 жыл ішінде QAZKOM шағын банктен Қазақстан мен Орта Азиядағы ірі қаржы институтына айналды.

  • 05.2011

    2011 жылғы мамыр айы QAZKOM-ның қарыз капиталының дағдарыстан кейінгі нарығында 300 миллион АҚШ доллары көлемінде еурооблигация шығару жөнінде дебетті мәміле жасаған қазақстандық банктердің алғашқылары болуымен есте қалды. Brand Finance консалтингтік компаниясы The Banker журналымен бірлесіп, QAZKOM брендін 389 млн. долларға бағалады, осылайша, ол барлық қазақстандық банк арасында қымбат брендке ие болып, әлемнің ең қымбат банк брендтері рейтингінен 280-ші орынды иеленді.

  • 04.2011

    QAZKOM IBM корпорациясының қатысуымен Алматыда IBM Power Systems платформасының серверлік базасында орнатылған деректерді өңдеу орталығын іске қосты. Жаңа дата-орталық бір-бірінен 1200 шақырымнан астам қашықтықта орналасқан үш орталықтың бірі, апаттарға төзімді шешімде біріктірілген, Банктің ақпараттық жүйелеріне апатты жағдайларда да жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

  • 2009
  • 12.2009

    2009 жылы Alnair Capital Holding инвестициялық қоры QAZKOM акцияларындағы өз үлесін 28,6%-ға дейін ұлғайтты.

    Осы жылы Банк MasterCard-пен бірлесіп, PayPass түйіспесіз төлем карталарын шығару жөніндегі жобаны жүзеге асырып, халықаралық сертификаттаудан өтті. Homebank.kz порталында тіркелген пайдаланушылар саны 200 мыңға жетті. Клиенттерге өз шоттарын ұялы телефон арқылы бақылауға мүкміндік беретін SMS-банкинг қызметі іске қосылды.

  • 05.2009

    QAZKOM және оның негізгі акционерлері «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-мен банктің экономиканың нақты секторын қолдау бойынша Мемлекеттік тұрақтандыру бағдарламасына қатысуының негізгі шарттарын көрсететін өзара түсіністік туралы Меморандумын жүзеге асыратын құжаттар пакетіне қол қойды. 2009 жылғы мамыр айында Мемлекеттік тұрақтандыру бағдарламасы аясында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ QAZKOM-ның 21,2% акциясын сатып алды.

  • 2008
  • 12.2008

    Банк Қазақстанда тұңғыш дизайнын ұстаушылар өз бетінше таңдай алатын «Сен сияқты бірегей!» төлем карталарын шығара бастады. 2008 жылы желтоқсан айында QAZKOM ТМД банктерінен бірінші болып бриллианттармен әшекейлендіріліп, алтынмен жалатылған MasterCard Platinum Diamond дегдарлы төлем карталарын шығарды.

  • 10.2008

    Қазан айында QAZKOM-ды ҚР Үкіметі еліміздің экономикалық нақты секторын қолдау жөніндегі шараларды іске асыратын стратегиялық серіктес ретінде таңдап алды. 2008 жылы QAZKOM Москоммерцбанктегі қатысу үлесін 100%-ға жеткізді. Банктің ірі акционері Alnair Capital Holding жекеменшік араб инвестициялық қоры болды.

  • 01.2008

    2008 жылы банк өз қолымен қойылған қолдың сандық аналогы электрондық сандық қолтаңбаны (ЭСҚ) шығара бастады. ЭСҚ-мен клиенттер Homebank.kz және Onlinebank.kz қаржы порталдарының кеңейтілген қызметтері шоғырына, атап айтқанда қолданыстағы заңнамаға сәйкес, өз қолын қоюды талап ететін банк операцияларына қолжетімдік алды.

  • 2007
  • 12.2007

    2007 жылғы желтоқсанда Алматы қаржы орталығының ғимараттары кешені аймағында QAZKOM-ның жаңа Бас кеңсесі ашылды, оған Мемлекет басшысы қатысты.

  • 02.2007

    2007 жылғы ақпанда Қазкоммерцбанк Москоммерцбанктің 52,11% акциясын алды. Келесі жылдың желтоқсан айында Тәжікстан Республикасының Әділет министрлігінде жарғылық капиталы 10 млн. US$ QAZKOM-ның еншілес банкі тіркелді. Келесі жылы ол Тәжікстан аумағында банк қызметін жүзеге асыруға лицензия алды.

  • 01.2007

    2007 жылы Homebank.kz порталында тіркелген пайдаланушылар саны 100 мыңға жетті.
    Қазақстан аумағында эксклюзивті серіктес және эмитент ретінде American Express болып, Банк Қазақстан нарығында American Express-тен American Express Gold және The Platinum Credit Card сыйақы карталарын, одан әрі American Express-тен Blue жаңа несие карталарын шығаруға кірісті.

  • 01.2007

    Қазкоммерцбанк бөлшек сауда клиенттеріне түсініктірек әрі жақын QAZKOM жаңа сауда белгісін іске қосты.

  • 2006
  • 12.2006

    2006 ж. Банк Onlinebank.kz заңды тұлғаларына арнап Интернет-банкингті іске қосты. Бүгінгі таңда тіркелген компаниялар саны 14 мыңнан асты.

  • 11.2006

    2006 жылғы қарашада QAZKOM Лондон қор биржасында (LSE) ГДР пішінінде 845 млн. $ жариялы орналастыруды сәтті аяқтаған ТМД-дағы тұңғыш банк болды.

  • 12.10.2006

    2006 жылдың аяғы QAZKOM-ның 15-жылдығын атап өтумен есте қалды. Банк өз мерейтойын Алматы қаласында аты аңызға ие болған Deep Purple рок-тобының концертімен атап өтті.

  • 01.2006

    2006 жыл. QAZKOM Global Finance халықаралық журналының жыл сайынғы зерттеуі нәтижесінде сегіз жыл қатарынан «Қазақстан: даму нарықтардағы ең үздік банк», «Сауданы қаржыландырудағы үздік банк» және «Валюталық нарықтағы үздік банк» аталымдары бойынша жеңімпаз атанып келеді. Сонымен қатар QAZKOM Euromoney және The Banker сынды әлемдік қаржы басылымдарының «Қазақстанның ең үздік банкі» атағына ие болды.

  • 2005
  • 12.2005

    Жыл соңында QAZKOM ірі көлемде 1,3 млрд. долларлық синдикатталған қарыз туралы келісімге қол қойды, бұл мәміле Қазақстанда ғана емес, Орталық және Шығыс Еуропа мен ТМД елдеріндегі ұқсас мәмілелердің арасындағы ірі мәміле болды. Trade Finance және Global Trade Review беделді халықаралық басылымдары бұл оқиғаны бір мезгілде «2005 жылдың мәмілесі» деп атады.

  • 12.2005

    2005 жылғы желтоқсанда QAZKOM Қазақстанда алғаш рет Алматы қаласында тәулік бойы өзіне-өзі банк қызмет көрсету Орталығын ашты. Онда клиенттер ақша қаражаттарымен операцияларды банк қызметкерлерінің қатысуынсыз жүзеге асыра алады.

  • 10.2005

    2005 жылы қазан айында QAZKOM Қазақстандағы сайтының мемлекеттік (қазақ) тілдегі және ұлтаралық қатынастың негізгі тіліндегі (орыс) версиялары толтырылуы мен функционалы жағынан тең мағыналы алғаш коммерциялық банк болды.

  • 07.2005

    2005 жылы шілде айында QAZKOM және ABN AMRO зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияны және «ABN AMRO КаспийМұнайГаз» (қазіргі – АҚ «ГРАНТУМ ЖЗҚ») жинақтаушы зейнетақы қорындағы 80.01% қатысу үлесін сату туралы келісімге қол жеткізді.

  • 06.2005

    2005 жылғы маусымда ЕҚДБ QAZKOM-ға ЕҚДБ арнайы бағдарламасы аясында шағын және орта бизнесті несиелеу үдерісіне өз бетінше басшылық жасау өкілеттілігін берді.
    2005 жылғы маусымда QAZKOM басқармасының төрайымы Нина Жүсіпова ЕҚДБ және Emerging Markets журналының Орталық және Шығыс Еуропа мен ТМД аумағындағы «Үкімет пен бизнестегі әйелдер» үш атағының біріне ие болды.

  • 05.2005

    2005 жылы мамыр айында QAZKOM Москоммерцбанктің жарғы капиталында 60,04% қатысу үлесін сенімгерлікпен басқаруға алды. Осы айда Қазақстанда алғаш рет Қазкоммерцбанк сыйақы бонустарын жинақтау мүмкіндігі бар Go!Card халықаралық несие картасын шығарды.

  • 04.2005

    Сәуір айында QAZKOM дамушы нарықтарға арналған Доу-Джонс жаңа индексіне (Dow Jones CDX.EM Diversified Index) енген ТМД аумағында алғашқы банк болды.

  • 01.2005

    Қаңтарда QAZKOM Қазақстанда алғаш рет ақша қабылдау функциялары (Cash-in) бар, клиент есепшоттарына қолма-қол емес ақша аудару, әртүрлі провайдерлердің қызметі үшін (коммуналдық, байланыс т.б.) есепшотына ақша аударуға банкоматтар (мультибанктер) пайдалануға берді.

  • 2003
  • 07.2003

    2003 шілдеден бастап QAZKOM-ның «КазкоммерцNews» атты ай сайынғы корпоративтік басылымы шығарылды. Ол орыс және қазақ тілдерінде 35-40 мың таралыммен шығады, Қазақстан бойынша QAZKOM-ның барлық филиалдары мен бөлімшелерінде, республиканың ірі СКО-нда тегін таратылады.

  • 01.2003

    Банкоматтарға қызмет көрсететін Банк карточкаларын халықаралық сертификаттау үдерісі аяқталды. QAZKOM–Қазақстанда тұңғыш рет электрондық коммерцияда қауіпсіз төлем жасайтын (3-D Secure) Visa сертификатын алды. Бір жылдан кейін осындай MasterCard (SecureCode) сертификаты алынды. Бүгінде QAZKOM Қазақстандағы Интернет-эквайринг нарығының 90% астамын бақылайды.

  • 01.2003

    2003 жылы ЕҚДБ QAZKOM-мен акционерлік капиталға қатысу туралы Келісімге қол қойып, әрі қарай Банк шығарған жай акцияларының 15% сатып алды.

  • 2002
  • 01.05.2002

    2002 жылдың мамырында QAZKOM Шығыс Еуропа мен ТМД-да EMV стандарты бойынша көпфункционалды чип карталарын бірінші болып шығарып, пайдаланды.

  • 01.2002

    Осы жылдан бастап «Москоммерцбанк» КБ (ЖШС) (бұрынғы Кәсіпкерлікті дамытудың Өңіраралық банкі) Ресей Федерациясында QAZKOM -ның сенімді тұлғасы мен стратегиялық серіктесі болды.

  • 2001
  • 01.2001

    Осы жылы Интернет желісінде тауарлар мен қызметтерді төлеуге арналған алғашқы виртуалды төлем карталары шығарыла бастады.

  • 01.2001

    Банк елімізде бірінші рет тікелей (үкіметтің кепілінсіз) халықаралық қаржы институты DEG неміс банкінен 7 жыл ұзақ мерзімге несие алды.

  • 2000
  • 01.2000

    2000 жылы. E-pay Интернет-эквайринг жүйесі іске қосылды. QAZKOM өзінің төлем серверімен Интернет арқылы кез келген банктен Visa, MasterCard және American Express ірі халықаралық төлем жүйелерінің төлем карталары арқылы транзакциялауды өңдеу мен қабылдауға мүмкіндігі бар жалғаз қазақстандық банк болды.

  • 01.2000

    Осы жылы Homebank.kz Интернет-банкингі іске қосылды.

  • 1998
  • 05.1998

    Мамыр айында Банк тұңғыш рет қазақстандық корпоративтік эмитенттер арасынан үш жыл мерзімге 100 млн. АҚШ доллары көлемінде еурооблигация шығарды.

  • 1997
  • 05.1997

    1997 жылы QAZKOM-ды «Hermes» неміс мемлекеттік экспортты сақтандыру компаниясы қарыз алушысы ретінде бекітті, бұған дейін ол тек ҚР Үкіметін қарыз алушы ретінде танитын. 1997 жылы банк тұңғыш рет халықаралық синдикатталған несиені алды.

  • 04.1997

    Сәуірде QAZKOM 1999 жылы аяқталған жеделдетілген институционалдық дамуға көзделген және ЕҚДБ қаржыландырған «твиннинг» бағдарламасын жүзеге асырған алғашқы қазақстандық банк болды. Бағдарлама CCF (Credit Commerciale de France) француз банкінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан болатын.

  • 03.1997

    Наурызда QAZKOM -да алғашқы төлем карталары шығарылып, банкоматтар мен POS-терминалдар желісі жолға қойылды.

  • 01.1997

    Қазақстандық эмитент – Қазкоммерцбанк алғашқы депозиттік қолхаттарын шығарды. Алынған $50 млн. көлемдегі ақша қаражаты банк капиталын еселендірді. Бүгінде QAZKOM - еліміздегі ірі капиталдандырылған қаржы институты.

  • 1996
  • 01.1996

    QAZKOM қазақстандық банктер ішінде алғаш рет «Deloitte & Touche» фирмасынан толық халықаралық аудиторлық қорытынды алған банк.Осы жылы «Thomson BankWatch-BREE» агенттігі QAZKOM-ға Орта Азиядағы бірінші банк деген халықаралық рейтингке шығарды.

  • 1995
  • 01.1995

    QAZKOM ҚР Үкіметінің ресми кеңесші ретінде Қазақстанның мұнай-газ саласындағы кәсіпорындарын жекешелендіру мен қайта құрылымдау үдерісіне белсене қатысты.

  • 1994
  • 04.1994

    Сәуір айында Банк басқа қазақстандық коммерциялық банк – «Астана Холдингпен» бірігіп, еліміздегі негізгі іскерлік және жергілікті орталықтарда өзінің филиалдық желісіне ие болды. Қазіргі кезде 23 филиалда 152 операциялық бөлімшелері бар.

  • 01.1994

    1994 жылдан бастап Банк ҚР Ұлттық Банкі мен Қаржы министрлігі, сонымен қатар халықаралық қаржы институттары: Дүниежүзілік банк, Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ), Ислам даму банкі, Kreditanstalt fur Wiederaufbau және Азиялық даму банкі әзірлейтін және қолдайтын арнайы бағдарламаларға қатысады.

  • 1991
  • 10.1991

    QAZKOM 1991 жылы 21 қазанда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің № 48 лицензиясын алды. Бұл күн Банктің ресми құрылған күні болып саналады.

  • 1990
  • 07.1990

    1990 жылы 12 шілдеде Медеу Банк ашық акционерлік қоғамы құрылды. Қазақстан мемлекеттік егемендігін алғаннан кейін Медеу Банк «Казкоммерцбанк» ААҚ болып қайта тіркелді.